Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«Түркістан қ. сырттан электрмен жабдықтау схемасын күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасы

Жобаның мақсаты: Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2019-2022жж.

Жобаның құны: ҚҚС-ны есепке алғанда 7,63 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру меншікті қаражат есебінен жүргізілді.

Іске асыру орны: Түркістан облысы.

Жобаның сипаты: жоба шеңберінде Түркістан қ. ауданында жұмыс істеп тұрған 220 кВ желіге қосылатын жаңа 220кВ қосалқы станцияны салу көзделеді. 220 кВ жаңа қосалқы станция Түркістан энергия торабын электрмен жабдықтаудың қосымша орталығын қамтамасыз етеді. Осының есебінен жергілікті таратушы электр желісін дамыту үшін жағдайлар жасалып, желінің қажетті өткізгіштік қабілеті қамтамасыз етіледі.

Жобаның қажеттілігі Түркістан энергия торабында электр энергиясын тұтынудың айтарлықтай өсуіне негізделген.

Ағымдағы дәрежесі:

Жобаның ТЭН-і әзірленді және «Мемсараптама» РМК-ның оң қорытындысы алынды (28.11.2019ж. №01-0489/19).

        2020 жылы «АСПМК-519» ЖШС-мен жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, жабдықтың кейбір түрлерін жеткізу және құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау енетін «толық аяқталған құрылыс» талаптары бар 14.07.2020гж. №442101/2020/1 шарт жасалды. Сонымен қатар 220/110/10 кВ автотрансформаторларды, 110-220 кВ элегазды ажыратқыштарды, 110-220 кВ айырғыштарды, 110-220 кВ кернеу трансформаторларын, 110-220 кВ тоқ трансформаторларын, 110 кВ-220 кВ асқын кернеуді шектеуіштерін және 110-220 кВ шиналық тіректерді жеткізуге шарттар жасалды.

     2021 жылы 220 кВ «ГНПС-Кентау» ӘЖ Ж-243, 220 кВ «ГНПС-Шымкент» ӘЖ Ж-2309 реконструкциялау және 220 кВ «Орталық» ҚС салу бойынша ЖСҚ әзірлеу аяқталды, жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындылары және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге рұқсаттар (13.08.2021ж. № CEQZ-0223/21, 01.09.2021ж. № RT-0023/21 және 29.12.2021ж. № 01-0708/21) алынды.

      2022 жылы құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары толық көлемде орындалды және объект іске қосылды. Іске қосу актісі Басқарма Төрағасының от  октября 2022 жылғы 28 қарашадағы №227 бұйрығымен бекітілді. Түркістан қаласының ауданында 220 кВ «Орталық» жаңа қосалқы станциясы салынды, оған кернеуі 110 кВ және одан төмен жергілікті электр тарату желісі қосылатын болады.




Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс