Жобаның мақсаты: Батыс аймақты республика аумағы бойынша Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен біріктіру, Қазақстанның батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету, Батыс аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру, электр энергиясы мен қуатының теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлік генерациясын іске қосу.
Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2027 жж
Іске асырылатын жері: Ақтөбе және Атырау облыстары
Жобаның сипаты: ҚР аумағы бойынша Батыс аймақты Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен біріктіру үшін ұзындығы 604,3 км 500 кВ Қарабатан ТП-Өлке ҚС ӘЖ салу.
Жоба:
- Батыс аймақты өткізу қабілеті 500 МВт Қазақстан БЭЖ-інің негізгі бөлігімен біріктіруге;
- 500 кВ жаңа байланыс есебінен Батыс аймақтың ықтимал тапшылығын қамтуға;
- Атырау және Ақтөбе облыстарының электр станцияларының қуатын беруді арттыруға;
- Солтүстік және Оңтүстік аймақтардың электр энергиясы мен қуаты теңгерімсіздігін өтеу үшін Батыс аймақтың маневрлік генерациясын іске қосуға;
- Ақтөбе энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді;
- Қазақстанның Батыс облыстарының энергия қауіпсіздігі мен энергияға тәуелсіздігі Батыс аймақтың тұтынушыларын электрмен жабдықтау сенімділігін арттырады;
- ағындардың бірыңғай сальдосына көшу және Ресей БЭЖ-бен ауытқуларды төлеуге;
- перспективада аралық ҚС орнату есебінен тау-кен металлургия кешенін (кен орындары: Покровское, Чилисай, Богдановское) дамытуға;
- жеткізу кернеуін арттыру арқылы ысырап деңгейін төмендетуге;
- қосымша тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.
Ағымдағы дәрежесі:
- Жобаның ТЭН-іне «Мемсараптама» РМК-нің оң қорытындысы алынды.
-
2024 жылғы қыркүйекте жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты жеткізуге ЕРС-келісімшарттар жасалды.
-
2025 жылы барлық объектілер бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға «Мемсараптама» РМК оң қорытындылары алынды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.