Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасы

«500 кВ Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен желісін салу» жобасының 1-кезеңін  іске асырудың мақсаты Солтүстік-Шығыс қимасындағы желілердің өткізу қабілеттілігін арттыру, Шығыс Қазақстан облысының тапшылығын электр энергиясын Ресей БЭЖ тораптары арқылы транзитіне қатыссыз қамтуды қамтамасыз ету және Бұлақ ГЭС-і контрреттегішін енгізу кезінде Шүлбі ГЭС-інің толық қуатын беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2011-2017 жж.

Жобаның құны – ҚҚС-ны есепке алғанда49,9 млрд. теңге.

Жобаны қаржыландыру «KEGOC» АҚменшік қаржысы есебінен жүзеге асырылады.

Жұмыс орындарының саны: құрылыс кезеңінде 747 адам, пайдалану кезеңінде 19 адам.

Іске асыру орны: Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары

Жобаның қазіргі уақыттағы жағдайы:

Қазіргі уақытта барлық объектілер Қабылдау комиссиясы актілерімен пайдалануға енгізілген. Жалпы ұзындығы 598,5 км 500 кВ «Екібастұз – Шүлбі ГЭС (Семей) – Өскемен және жалпы ұзындығы 106 км 220 кВ «Семей – Шүлбі ГЭС» 500 кВ «Семей» ҚС-ға кірумен электр жеткізу желілері салынған. 500 кВ «Семей» жаңа қосалқы станциясы салынған,  500 кВ «Өскемен» ҚС, 1150 кВ «Екібастұз»ҚС және 220 кВ «Шүлбі ГЭС» ҚС кеңейтілген.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс