Инвестициялық жобалар

Сұрыптау:

Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу жобасы

Жобаның мақсаты: Тұтынушыларды электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету және облыстар арасындағы электр байланысын күшейту үшін Қазақстан БЭЖ-і Оңтүстік аймағының электр энергетикалық жүйесін күшейту.

Жобаны іске асыру мерзімі: 2021-2027 жж

Іске асырылатын жері: Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстары

Жобаның сипаты: Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының 500-220 кВ желісін күшейту, сондай-ақ ҚС кеңейте отырып, жалпы ұзындығы 475 км 500 кВ «Шу-Жамбыл-Шымкент»  ӘЖ салу. Жоба келесі электр желілік объектілерді салу және реконструкциялауды көздейді:

-       500 кВ  «Шу-Жамбыл» ӘЖ салу - 300 км;

-       500 кВ  «Жамбыл-Шымкент» ӘЖ салу - 175 км;

-       500 кВ «Шу» ҚС-ның 500 кВ АТҚ-сын реконструкциялау және кеңейту;

-       500 кВ «Жамбыл» ҚС-ны реконструкциялау және кеңейту;

-       500 кВ «Шымкент» ҚС-ның 500 кВ АТҚ-сын реконструкциялау.

Жоба:

-       - жұмыс істеп тұрған ӘЖ транзитінің өткізу қабілетін 500 кВ 500 МВт-қа арттыруға;

-       - Орталық Азияның теңгерімсіз жұмысы кезінде ҚР БЭЖ-нің Орталық Азия БЭЖ-ден оқшауланған жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етуге;

-       жаңартылатын энергия көздерін ҚР БЭЖ-іне интеграциялауға;

-       Қазақстан аумағы бойынша Оңтүстік облыстарды 500 кВ ӘЖ-мен қосуға;

-       қосымша тұтынушыларды қосуға мүмкіндік береді.

Ағымдағы дәрежесі:

  • 2023 жылдың қыркүйегінде жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге, құрылыс-монтаждау жұмыстарына және жабдықты жеткізуге ЕРС- келісімшарттар шарттары жасалды.
  • Құрылыс объектілері бойынша жобалау-сметалық құжаттамаға «Мемсараптама» РМК оң қорытындылары алынды.
  • Қазіргі уақытта жобаның барлық объектілерінде құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

 


ҚОӘБ жобасының нәтижелері

https://ecoportal.kz/Public/PubHearings/LoadFile/71131



Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші