«KEGOC» АҚ-да 2025 жылы ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай ірі жоба әзірленді. Жоба аясында:
1) Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты жазбаша конкурстар өткізілді, атап айтқанда:
- этнос өкілдері арасында диктант жазудан конкурс;
- қазақ тілін жоғары деңгейде меңгерген қызметкерлер арасында эссе жазудан конкурс;
2) Компания қызметкерлерінің балалары арасында Абай Құнанбайұлының шығармалары (өлең, қара сөз оқу, ән сайту) бойынша конкурс;
3) «Абай-Тоғжан» спектаклінде Абайдың рөлін сомдаған қазақстандық кино және театр актері Аян Өтепбергенмен кездесу;
4) «Абай – замана заңғары» театралды-композициялық қойылым;
5) Компанияда мемлекеттік тілді дамытуға қосқан үлесі үшін қызметкерлерді марапаттау рәсімі.
Жоба Атқарушы дирекция, «Ақмола ЖЭТ», «Орталық ЖЭТ», «Энергоинформ» АҚ қызметкерлері мен қызметкерлердің балаларының белсенді қатысуымен сәтті өткізілді.

Компанияда 2025 жылғы 20 маусымда ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өткізілген конкурстардың қорытындылары бойынша озық шыққан қызметкерлер жүлделі орындарға ие болды, атап айтқанда:
«Абай – қазақтың ұлы ақыны» тақырыбында диктант бойынша:
1-орын
- Ли Михаил Валерьевич, Нарықты талдау және заңнамалық ұсыныстар департаментінің менеджері;
2-орын
- Павловская Виктория Николаевна, ЖО ҰДО филиалының менеджері;
3-орын
- Хан Наталья Владимировна, Релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру департаментінің менедждері.
«Қазіргі заманға Абай көзімен» тақырыбында эссе бойынша:
1-орын
- Искакова Гүлдана Әлімқұлқызы, Адами ресурстарды және әлеуметтік-еңбек қатынастарын басқару департаментінің бас сарапшы-үйлестірушісі;
- Умергалиева Назерке Саветханқызы, Заң департаментінің менеджері;
2-орын:
- Мұстафа Әсет Талғатұлы, ҰЭТ-ке технологиялық қосылу департаментінің менеджері;
- Сармұрзанов Дастан Асқарұлы, Релелік қорғау және қосалқы станцияларды автоматтандыру департаментінің менеджері;
3-орын:
- Бекқожа Туғанай, Ақмола ЖЭТ филиалының 2-санатты инженері;
- Ботаева Роза Қизатқызы, Ақмола ЖЭТ филиалының 1-санатты инженері.
2025 жылғы 6 тамызда жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар, алғыс хаттар мен гүл шоқтары салтанатты түрде табысталды.