ЭКЕАЖ

Негізгі ережелер

ЭКЕАЖ — ЭКН субъектілері арасында өндірілген, жеткізілген, бөлінген және тұтынылған электр энергиясы үшін есеп айырысу үшін өлшеу деректерін жинау, өңдеу, сақтау, деректерді беру және деректерді әзірлеуге арналған өлшеу құралдары мен аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы.

Электр желілік компаниялардың ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:

  • Компания торпатарындағы электр энергиясы ысыраптарын есепке алу және есептесулер үші нарық субъектілерімен бірге электр энергиясын алмасу (тұтыну немесе беру) туралы ақпаратпен дер кезінде сенімді қамтамасыз ету.
  • Ысыраптар ошақтарын оларды жою мақсатында анықтау.
  • Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • ЭКН  субъектілерімен бірге электр энергиясын есепке алу жөнінде келісілген ақпаратпен өзара алмасу.

Тұтынушылардың ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:

  • Сатып алынатын электр энергиясының құнын оңтайландыру.
  • Электрді тұтыну режимдерін оңтайландыру.
  • Тұтынылған электр энергиясының нақты құнын тоғыспалы субсидиялаусыз төлеу.
  • Электр энергиясы құнының жоспарлы мезгілге болжамдығы.
  • Сенімді электрмен жабдықтау.
  • Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • Электр энергиясының ЭКН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу.

Энергия көздерінің ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:

  • Кірістердің болжамдылығы.
  • Электр энергиясының жеткізілімдерін төлеу кепілдіктері.
  • Электр энергиясының өндірісіне оралымды бақылау жасау.
  • Электр энергиясының теңгерімдерін айқындау (электр энергиясының ысыраптарын дәл есепке алу).
  • Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін айқындау.
  • Электр энергиясының ЭКН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу. 

ЭКН-ні ЭКЕАЖ-ні құру мақсаттары:

  • Электр энергиясын шынайы, уақтылы және заңды өлшеулерінің деректер базасын оны өндіру, жеткізу, тарқату мен электр энергиясының көтерме сауда және теңгерімдеуші нарығында тұтыну кезінде құру.
  • Электр техникалық есептеулердің кешенін орындау.
  • Электр энергиясының көтерме сауда және теңгерімдеуші нарығында өзара есептесулер үшін бастапқы деректерді әзірлеу.
  • Электр энергиясының ЭТН субъектілерімен есепке алу жөніндегі келісілген ақпаратпен өзара алмасу.

Жедел желі

Кері байланыс