ҒЗКТЖ

Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын ұйымдастыру

ҒЗТКЖ-ны жүргізу «KEGOC» АҚ даму стратегиясына және Инновациялық-технологиялық саясатына сай Компанияның стратегиялық мақсаттарына жетуіне бағытталған.

ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру ғылыми-техникалық міндеттердің басым бағыттарын анықтаудан бастап, «KEGOC» АҚ-ның тәжірибе қызметінде әзірленімдердің нәтижелерін пайдаланудан болатын нақты тиімділікті бағалау және оны есепке алуға дейінгі әзірленімдердің бүкіл тіршілік циклын қамтитын процесс ретінде қаралады. 

Компанияда ҒЗТКЖ-ны ұйымдастыру кезіндегі негізгі мақсаттар:

1) Компанияның инновациялық-технологиялық дамуы үшін ҒЗТКЖ-ны оның басымдылықтары мен өзектілігін ескере отырып құру, жоспарлау және орындау процестерін бір жүйеге келтіру мен дамыту; 

2) ғылыми-техникалық өнімдерді әзірлеуге және пайдалануға байланысты өзара тиімді іс-қимыл жасау процестерін қамтамасыз ету; 

3) өндірістік және бизнес-процестердің тиімділігі мен сапасын арттыру үшін ҒЗТКЖ нәтижелерін ендіру; 

4) мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу мониторингін жүргізу болып табылады.  

Көрсеткіштер

2019

2020

2021

2022

ҒЗТКЖ-на жалпы шығындар, млн.тг

    15,79 

45,14

  19,80 

-  

Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын қызметкерлер саны

26

26

26

26

Техникалық-экономикалық зерттеулердің (ТЭЗ), ғылыми-зерттеу (ҒЗЖ) және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ТКЖ) жүзеге асырылған жобалары

Жобаның атауы

Іске асыру жылдары

Іске асырылған жобалар

1

«KEGOC» ААҚ шунттық реакторлары мен автотрансформаторларының техникалық жағдайын оларға техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді және реконструкциялауды жоспарлау үшін бағалау» ҒЗЖ

2003

2

Кернеуді тұрақтандыру, өткізу қабілеттілігін арттыру және электр энрегия шығындарын азайту мақсатында Қазақстан БЭЖ 220-500 кВ желісіндегі реактивті қуатты компенсациялау бойынша ТЭЗ

2008

3

«ПОГ-1150-1, ПОГ-1150-5, ПОГ-1150-11 типті аралық тіректердің керуші арқансымының бекітуге арналған анкерлік түйіндерін жер бетіне шығару жобалық-конструкторлық құжаттамасын әзірлеу» ТКЖ

2011

4

Қазақстан БЭЖ жиілік пен қуат ағындарын автоматты реттеу жүйесін құру бойынша ТЭЗ

2012

5

«Тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін басқару алгоритмдерін құрастыра отырып, Қазақстан ҰЭТ 220-500-1150 кВ электр беру желілерінің өткізу қабілеттілігін автоматты басқару тиімділігін зерттеу» ҒЗЖ

2012-2013

6

«Қуаттылығы 200 Мвар СКБ орнату кезінде «Шымкент» 500 кВ қосалқы станциясының 220 кВ шиналарындағы электромагниттік өтпелі процестерді зерттеу» ҒЗЖ

2015

7

Қазақстанның ҰЭТ-та «тәж» электр энергиясының шығындарын азайту бойынша ТЭЗ

2015-2018

8

OPGW бар 500 кВ электр беру желілерінде электр энергиясының шығынын азайту бойынша ҒЗЖ

2017-2020

9

«Қазақстан ҰЭТ 500-220 кВ статикалық және динамикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жүйелік электр станцияларының АРВ қондырғыларының тиімділігін зерттеу» ҒЗТКЖ

2018-2022

10

WAMS синхрофазорлық өлшемдер негізінде WACS автоматикасын құру және алгоритмдерді әзірлеу бойынша ТЭЗ

2019-2020

11

«Батыс ЖЭТ» электр жабдықтары оқшаулауының ластану факторлары мен көзін анықтау бойынша ҒЗЖ

2021

12

Қазақстанның БЭЖ-і үшін энергия жинақтау құрылғыларын пайдалану мүмкіндігі бойынша ТЭЗ

2021

13

Цифрлық қосалқы станциялар технологиялары бойынша ТЭЗ

2021

14

Қазақстан БЭЖ реактивті қуатты компенсациялау үшін FACTS құрылғыларын таңдау бойынша ТЭЗ

2021-2022

Жұмыс нәтижелерін патенттеу

1. ПОГ-1150-1, ПОГ-1150-5, ПОГ-1150-11 типті аралық тіректердің керуші арқансымының бекітуге арналған анкерлік түйіндерін жер бетіне шығару жобалық-конструкторлық құжаттамасын әзірлеу» ТКЖ.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары, селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізілімінде тіркелген № 27514 инновациялық патент алынды. Патент туралы толық ақпарат мына сайтта: https://gosreestr.kazpatent.kz/Invention/Details?docNumber=192532

Артықшылықтары: бұл инновация техникалық қызмет көрсету кезінде қазба жұмыстарын жүзеге асыруымен тіректердің керуші арқансымының бекітуге арналған анкерлік түйіндерін тексеруіне шығындарды төмендетуге мүмкіндік берді. Инновация «Екібастұз – Көкшетау», «Көкшетау – Қостанай», «Қостанай – Челябі» және «Екібастұз – Алтай» 1150 кВ әуе желілерінде енгізілді.

2. Қазақстанның ҰЭТ-та «тәж» электр энергиясының шығындарын азайту бойынша ТЭЗ.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан Республикасының өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары, тауар шығарылған жерлердің атаулары, селекциялық жетістіктер мемлекеттік тізілімінде тіркелген өнертабысқа келесі патенттер алынды:

1) No 32955 «Электролиттік доға қондырғысы»;

2) № 34167 «Тәжге қарсы жабын, оны жасау әдісі және әдісте қолданылатын электролиттік ерітінді».

Патенттер туралы толық ақпарат сайтта:

https://gosreestr.kazpatent.kz/Invention/Details?docNumber=274598

https://gosreestr.kazpatent.kz/Invention/Details?docNumber=289540

Артықшылықтары: бұл өнертабыстар жаңбыр кезінде әуе электр желілерінің сымдарында «тәж» шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

 

 

Жедел желі

Кері байланыс