Инновация

Инновациялық-технологиялық саясаттың негізгі бағыттары:

1) өндіріс процесінде жаңа тәсілдерді (автоматтандыру, роботтандыру, цифрлық модельдеу, имитациялау, визуализациялау және т.б.) пайдалана отырып, ҰЭТ технологиялық жаңғырту, энергия тиімділігін арттыру мен ресурстарды үнемдеудің озық технологияларын енгізу;

2) технологиялық даму және Индустрия 4.0;

3) жобалардың ерекшеліктерін ескере отырып, аумақтық кластерлерде «KEGOC» АҚ жобаларын іске асыру арқылы кластерді дамытуды қолдау.

Инновациялық-технологиялық саясаттың негізгі мақсаттары:

1) инновациялық мәдениетті, оның ішінде тиімділікті ұдайы арттыру және шығындарды азайту мәдениетін қалыптастыру;

2) «KEGOC» АҚ-ның әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, экологиялық, технологиялық және басқа да міндеттерін шешу үшін Бастамашылардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін пайдалану;

3) «KEGOC» АҚ инновацияларды әзірлеу және енгізу процесіне барлық мүдделі тараптарды тарту;

4) топішілік әсерді алу арқылы Инновациялық-технологиялық саясатты іске асыру нәтижесінде синергиялық пайда алу.

Көрстекіштер

2019

2020

2021

2022

Инновацияға жалпы шығындар, млн.тг

382,08

1 834,97

215,50

   -  


Жүзеге асырылған инновация жобалары

Жобаның атауы

Іске асыру жылдары

1

Аварияға қарсы автоматикасының орталықтандырылған жүйесін енгізу

2017-2020

2

Жиілікті және қуатты автоматты реттеу жүйесін енгізу

2017-2021

3

Синхрофазорлық технологиялар негізіндегі мониторинг жүйесін (WAMS) енгізу 1-кезең

2018-2020

4

Синхрофазорлық технологиялар негізінде басқару жүйесін (WACS) енгізу

2021


Аяқталған жобалардың артықшылықтары

1. Аварияға қарсы автоматикасының орталықтандырылған жүйесі энергетикалық жүйенің режимін бақылаудың мүлдем жаңа технологияларын қолдану арқылы энергетикалық жүйенің өміршеңдігінің жоғары дәрежелі тәртібін қамтамасыз етеді. Жүйе авариялық бұзылыстар жағдайында тұтынушыларды шектеу көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

2. Жиілікті және қуатты автоматты реттеу жүйесі Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің оқшауланған жұмысы кезінде жиілікті автоматты реттеуді және энергетикалық жүйелердің параллель жұмысы кезінде көршілес елдермен энергия ағындарының теңгерімін автоматты бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе отандық электр станцияларының қуаттарын пайдалану тиімділігін арттыру арқылы ресейлік энергетикалық жүйемен шекарадағы теңгерімсіздікті азайтуға мүмкіндік береді. 

3. WAMS жүйесі энергия жүйесінің тұрақтылық шегін бақылауға және нақты уақыт режимінде желі параметрлерінің бірқатар басқа талдауларын жүргізуге мүмкіндік береді. Бүкіл энергетикалық жүйе бойынша географиялық қашықтағы нүктелерден алынған синхрондалған өлшемдер электр желісінің ағымдағы жұмыс режимі туралы сенімдірек ақпарат береді, сонымен қатар диспетчерлік қызметкерлерге жүйенің жай-күйі туралы неғұрлым толық ақпарат негізінде шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Нақтырақ ақпарат диспетчерлік қызметкерлерге электр желісінің ағымдағы жай-күйін түсінуге, қауіпті режимдердің өзгеру және даму белгілерін ерте кезеңде анықтауға, сондай-ақ электр желісінің бұзылуын болдырмау үшін бақылау шараларының тиімділігін жақсырақ анықтауға, қолдануға және бағалауға мүмкіндік береді.

4. WACS жүйесі энергожүйедегі қалыпты жұмыс режимі бұзылған жағдайда электр жүйесінің тұрақтылығын автоматты түрде қамтамасыз етеді, сонымен қатар басқарылатын учаскелердегі белсенді қуаттың ағымдағы ағынын бақылауды қамтамасыз етеді. Жүйе күйінің ағымдағы параметрлері негізінде жаңа адаптивті электр желілерін басқару жүйелерін құруға мүмкіндік береді. Жүйе 500 кВ «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті арқылы максималды рұқсат етілген ағынды 200 МВт-қа дейін арттыруға мүмкіндік береді. 

Жүзеге асырылудағы инновация жобалары



Жобаның атауы

Іске асыру жылдары

1

SCADA/EMS жүйесін жаңғырту

2020-2024

2

Синхрофазорлық технологиялар негізіндегі мониторинг жүйесін (WAMS) енгізу 2-кезең (ұлғайту)

2022-2025

3

Әуе желілерін бақылау жүйесінің пилоттық жобасы

2023-2024


Жедел желі

Кері байланыс