«KEGOC» АҚ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет (бұдан әрі – ҰӨҚ) «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына және «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық саясатына сәйкес Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
ҰӨҚ басты артықшылығы - әрбір қызметкердің осы процеске қатысу мүмкіндігі, бұл өз кезегінде идеяны туғаннан жүзеге асыруға дейінгі уақытты барынша азайтуға және Компания қызметкерлерінің максималды санын қамтуға мүмкіндік береді.
ҰӨҚ шеңберінде идеялар Компанияның басқа бөлімшелерінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады және ұсынысты кеңейту шарттары қарастырылған.
ҰӨҚ ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар:
1) ҰӨҚ-ін белсендіру және Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің жаппай техникалық шығармашылығын одан әрі дамыту;
2) Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің өз жұмысының нәтижелеріне қызығушылығын ҰӨҚ үшін моральдық және материалдық ынталандыру арқылы арттыру.
Ұтымгерлік ұсыныстардың статистикасы
2013-2022 жылдар аралығына 239 өтініш ұтымгерлік ұсыныс деп танылды.
Ескерту:
ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;
ЖЭТ – жүйеаралық электр тораптары.
Сыйақы түрлері
ҰӨҚ моральдық және материалдық ынталандыру адами капиталдың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері жұмыс процестерін жақсартуға, өндірістік мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға ынталы.
Іске асырылған ұтымгерлік ұсыныс үшін материалдық сыйақы мөлшері екі санат бойынша айқындалады:
1) бірінші санат – экономикалық тиімділігі жоқ немесе экономикалық тиімділігі аз ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл іске асырудан экономикалық нәтиже күтілмейтін немесе экономикалық нәтижесі 2 000 000 теңгеге дейін рационализаторлық ұсыныстар. 1-санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері РӨҚ қағидаларға сәйкес есептеледі және 200 000 (екі жүз мың) теңгеден аспайды.
2) екінші санат – экономикалық тиімділігі бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл енгізуден экономикалық тиімділігі 2 000 000 теңге немесе одан жоғары болатын ұтымгерлік ұсыныстар. 2-санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері нақты жылдық кіріс/жинақ сомасының 10% құрайды, бірақ 5 000 000 теңгеден аспайды.
Ең белсенді ұтымгерлерге сыйақының материалдық емес түрлеріне мыналар жатады:
1) атқаратын лауазымына сәйкестігін сараланған немесе сырттай аттестаттау әдісі;
2) Қоғам Басқарма төрағасының грамоталары мен алғыс хаттары;
3) Қазақстан электр энергетикасы қауымдастығының, KAZENERGY қауымдастығының, ТМД Электр энергетикасы кеңесінің марапаттарына ұсыну;
4) электр энергетикасы бойынша мамандандырылған конференцияларға, семинарларға және көрмелерге қатысу мүмкіндігі.
2019-2022 жылдар кезеңінде ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері:
«Өшіру жағдайында ОГ-2 командасын құру (генераторды өшіру)» ұтымгерлік ұсынысын іске асыру үшін 2020 жылы 5 миллион теңге сыйақының ең жоғары мөлшері «Шығыс ЖЭТ» «KEGOC» АҚ филиалына төленді. Осы ұтымгерлік ұсыныс шеңберінде қосымша жабдықты пайдаланбай желілік ажыратқыштарды өшіру кезінде ОГ-2 командасын іске қосу схемасын орындау арқылы авариялық басқару автоматикасын ұйымдастырудың техникалық шешімі әзірленді. Бұл ұтымгерлік ұсынысты енгізуден түскен экономикалық тиімділік 51 миллион теңгені құрайды.
«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» байқауы
Байқау Компанияның және еншілес ұйымдардың ұтымгерлер ынталандыру және қызметкерлерді ҰӨҚ-қа тарту мақсатында өткізіледі. Байқау жыл сайын өткізіледі және байқаудың негізгі міндеті – ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және ұтымгерлік ұсыныстардың ерекше авторларын ынталандыру.
2022 жылдың қорытындысы бойынша келесі ұтымгерлік ұсыныстар Байқау жеңімпаздары болып анықталды:
1-орын – 220/110 кВ әуе желілерінің фазааралық аралық кергіші (авторы: А.Қ. Ибраев– «KEGOC» АҚ «Ақмола ЖЭТ» филиалы).
2-орын – «Сарыбай» 220 кВ қосалқы станциясында АТ-1,2 салқындату құрылғысының диффузорын ашу құрылғысы (авторлары: Ш.Т. Әбішев, К.Қ. Мадиев – «KEGOC» АҚ «Сарыбай ЖЭТ» филиалы).
3-орын – Сымдар мен арқансымдарды үстіңгі траверстен қосымша жабдықты және такелажды қолданбай төменгі траверстің үстінен түсіруге арналған құрылғы (авторлары: Ж.Қ. Жұматаев, Е.Қ. Сарсеков – «KEGOC» АҚ «Шығыс ЖЭТ» филиалы).
Компания мен еншілес ұйымдардың 280-нен астам қызметкерлері ұтымгер болып табылады. Ең белсенді ұтымгерлер: