ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-ын қосуға техникалық шарттар алу
ЭКЕАЖ құру бойынша бірінші қадам «KEGOC» АҚ Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директорының атына жазылған субъектінің ресми өтінімі бойынша берілетін ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-сын ҚР ЖО ЭКЕАЖ-сына қосуға техникалық шарттарды (бұдан әрі-ТШ) алу болып табылады. ТШ алу үшін ЭКН субъектісі желілерінің бір желілік электр схемасын, сондай-ақ жобаланатын ЭКЕАЖ-ға қосу жоспарланып отырған электр энергиясын есепке алудың барлық нүктелерінің техникалық және метрологиялық деректерін ұсыну қажет.
ЭКН субъектілеріне ҚР ЖО ЭКЕАЖ-сына қосуға берілетін ТШ құрамына мыналар кіреді:
Жүйені жобалауға арналған техникалық тапсырманы әзірлеу
ЭКН субъектісі қосуға ТШ алғаннан кейін ЭКЕАЖ жобалауға арналған техникалық тапсырманы (бұдан әрі - ТТ) әзірлеуі тиіс. ТТ-ны Тапсырыс беруші дербес немесе ЭКЕАЖ жобалауда тәжірибесі бар мамандандырылған ұйымның көмегімен әзірлейді.
ТТ-да мыналарды қосымша ретінде ресімдеу қажет:
ТТ әзірлеу нәтижесі Тапсырыс берушінің ТТ бекітуі болып табылады. Тапсырыс беруші бекітілген ТТ-ны ілеспе хатпен қоса Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директордың атына келісуге жіберуі тиіс.
Жүйенің техникалық жобасын және жұмыс құжаттамасын әзірлеу
ТТ-ны ҚР ЖО -мен келіскеннен кейін ЭКН субъектісі ЭКЕАЖ құру жөніндегі техникалық жобаны (бұдан әрі-ТЖ) әзірлеуі тиіс. ЭКЕАЖ ТЖ-да ЭКЕАЖ ТТ-да қойылған барлық міндеттердің шешімдері толық сипатталуы тиіс.
ЭКЕАЖ-дың жобалық шешімінде стандарттарда көзделгендерден басқа мынадай бөлімдер болуы тиіс:
Тапсырыс берушінің «Техникалық жобаны» бекітуі «Техникалық жоба» құжаттарын әзірлеу нәтижесі болып табылады.
Тапсырыс беруші бекітілген «Техникалық жобаны» Пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директордың атына ілеспе хатпен қоса келісуге жіберуі тиіс. Техникалық жоба келісілгеннен кейін және монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізуге шарт жасалғаннан кейін Орындаушы жұмыс құжаттамасын әзірлейді.
Монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу
«Монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстарын жүргізу» кезеңінің нәтижесі ЭКН субъектісінің ЭКЕАЖ-сының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізуге дайындығы болуы тиіс.
Тиісті сынақтар жүргізе отырып, тәжірибелік-өнеркәсіптік пайдалануға тапсыру
ЭКЕАЖ құрудың маңызды кезеңдерінің бірі ЭКЕАЖ тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтарын өткізу болып табылады. Бұл процедура компоненттердің техникалық, функционалдық және метрологиялық сипаттамаларының және жалпы ЭКЕАЖ-ның Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларының (ҚР ЭМ 30.03.2015 ж. №248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 06.05.2015 ж. №10957 тіркелген) талаптарына сәйкестігін/сәйкес еместігін анықтауға мүмкіндік береді.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтардың ашықтығы үшін комиссияға Тапсырыс берушінің, Жобаны орындаушының, ҚР Жүйелік операторының өкілдері, сондай-ақ басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері жұмылдырылады. Комиссия ҚР ЖО бекіткен және келіскен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар бағдарламасы бойынша ЭКЕАЖ-ны тексереді және ЭКЕАЖ-ны тәжірибелік пайдалануға беру туралы шешім шығарады немесе анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктерді жою үшін мерзім белгілейді.
Тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар актісінің негізінде ЭКН субъектісі Жүйені ТӨП енгізу туралы бұйрық шығарады және бұйрықтың көшірмесін ҚР ЖО-ға жібереді.
ЭКЕАЖ-ны тәжірибелік пайдалану процесінде іркілістер немесе істен шығулар анықталған кезде, ЭКН субъектісі оларды жою бойынша шаралар қабылдайды және ҚР ЖО-ға ЭКЕАЖ-ның тәжірибелік пайдалануға қайта қосуға дайын екендігі туралы хабарлайды.
Өнеркәсіптік пайдалануға енгізу
Бұл рәсім Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларымен (ҚР ЭМ 30.03.2015 ж. №248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 06.05.2015 ж. №10957 тіркелген) регламенттелген.