Біздің ардагерлеріміз

БАЯЗИТОВ ИСМАИЛ ХАФИЗҰЛЫ

1926 жылғы 20 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысының Қоғалы ауылында туған. 1943  жылы 17 жасында майданға аттанды.

Жеке байланыс полкында қызмет етті. Оның полкі ұзақ уақыт бойы Польша аумағына орналастырылды. 1951 жылы ғана үйіне қайта оралды. 8 кластық білімі ғана бар болатын. Соғыстан кейін мекепті бітіруге күш салды. Бірмезгілде жұмыс істеді және 10 жылдық білім алып шықты.

1953 – 1958 жылдары Алматы қаласында  ауыл шаруашылығы институтын  инженер-электрик мамандығы бойынша бітіріп шықты.

Лепсі совхозындағы  ет-сүт мекемесінде инженер-электрик болып жұмыс істеді,  Алматы қаласындағы СредАзЭнергоремонт мекемесінде аға шеберболып қызмет атқарды, содан кейін Жобалау институтына ауысты, «Энергосеть Жоба» және«КазЭнергоналадка» мекемесінде аға инженер лауазымын атқарды. 1964-1987 жылдары Қаз ССР Энергетика және электрификация министрлігінде аға инженер болды. Энергетика министрлігінде Исмаил Хафизұлы зейнеткерлікке шыққанға дейін жұмыс істеді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс