Біздің ардагерлеріміз

ПЕРЕВЯЗКО НИКОЛАЙ АРТЕМЬЕВИЧ

Николай Артемьевич 1929 жылғы 11 қаңтарда Алтай өлкесінің Вознесенкое ауданында туған. 1942 жылдың маусымынан бастап 1945 жылдың желтоқсанына дейін «Красное Утро» колхозының еңбеккері ретінде еңбек майданына тікелей қатысушы болды. Соғыстан кейінгі жылдары Николай Артемьевич 18 жасында әскерге алынды және Монғолияда әскери қызметін атқарды, содан кейін солтүстікке «Игарка» портына ауысты. Николай Артемьевич 1951 жылы әскерден келгеннен кейін ата-анасы көшіп келген Алматыға келді.

Еңбек жолы

1979 жылы 23 мамырда – Қазақстан энергия жүйелерінің диспетчерлік басқармасына ауыстырылды.  1979 жылғы 24 мамырда – телемеханика және байланыс қызметінің V разрядты электр монтері болып жұмысқа тұрды. 1980 жылғы 1 сәуірде – VI разряды берілді. 1988 жылы1 тамызда – қайта тарификациялауға байланысты электр монтердің VI разряды расталды. 1997 жылы 1 қыркүйекте – ДТҚБ VI разрядты электромонтері болып жұмысқа қабылданды.1998 жылғы 1 маусымда – «KEGOC» ААҚ Атқарушы дирекциясы  Ақпараттық технологиялар департаментінің  базалық коммутациялық қызметтер басқармасының желілер коммутациялар бөлімінің VI разрядты электр монтері болып ауыстырылды.

Наградалары мен жетістіктері 

1987 жылғы 5 қарашада – «Еңбек ардагері» медалімен наградталды. 1989 жылғы 11 қаңтарда – еңбектегі және социалистік жарыстағы жетістіктері үшін және елу жасқа толуына байланысты Құрмет грамотасымен наградталды.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс