Біздің ардагерлеріміз

МИРОШНИЧЕНКО НИКОЛАЙ ИВАНОВИЧ

1930 жылғы 27 тамызда Омбы облысы, Молотов ауданы, Ермолов ауылдық кеңесі, Репенка селосында туған.


ҰОС алғашқы кұндерінде әкесі соғысқа аттанды. 11 жасында еңбек майданына қатысушы ретінде «Большевик» колхозында еңбекке араласты.


Қазақстанның энергия жүйелерін бірлескен диспетчерлік басқарудағы еңбек қызметі:

1973 жылғы 7 тамызда – есептеу техникасы қызметінің шебері ретінде жұмысқа алынды;


1974 жылғы 1 наурызда – ЭЕМ пайдалану секторының механигіне ауыстырылды;


1974 жылғы 1 маусымда – ЭВМ пайдалану секторының аға инженеріне ауыстырылды;


1976 жылғы 1 мамырда – электр механикалық құрылғылар секторының бастығы лауазымына ауыстырылды;

1997 жылы 17 желтоқсанда – зейнеткерлік демалысына шықты.


Наградалары мен жетістіктері


1956 жылғы 20 қазанда – «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен наградталды.


1985 жылғы 12 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» медалімен наградталды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс