Біздің ардагерлеріміз

ӘМРЕНОВ БАБАЙ

1928 жылы туған. Соғыстың барлық ауыртпалықтарын мойымай көтеріп, Ұлы жеңісті қажырлы еңбегінің арқасында жақындатқандар арасында  біздің қызметкеріміз Амренов Бабай да болды. Ұлы Отан соғысы жылдарында  еңбек майданындағы мінсіз қызметі үшін «Еңбек майданының ардагері» деген құрметті атаққа ие болды (С № 060205 куәлік).  Тәуелсіз мемлекеттер достастығы Үкіметтері басшылары кеңесінің 1999 жылғы 8 қазандағы  шешімімен оған «1941 – 1945 жж. соғыс ардагері» белгісі тапсырылды. Бейбіт кезеңде Б. Амренов соғыстан кейін халық шаруашылығын қалпына келтіруге қатысты. Электр энергетикасы саласын дамытуға көп еңбек сіңірді. Екібастұз қаласындағы  энергетикалық объектілерді салуға қатысты.  Екібастұз жоғары вольтты электр желілері кәсіпорындарында ұзақ жылдар бойы еңбек етті және осы жерден лайықты зейнеткерлік демалысына шықты. Өз ісін жалғастыратын ұл-қыздарын тәрбиелеп өсірді. Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында зейнеткер ретінде есепте тұр. Қазір Бабай аға Екібастұз қаласында тұрады. Ол өзінің жасына қарамастан  қоғам өміріне жиі араласады,  келешек  ұрпақ арасында тәрбие жұмысын жүргізеді. Бабай аға Екібастұз қаласының мектептерінің оқушыларымен жиі кездесіп тұрады. Ол - «KEGOC» АҚ «Солтүстік ЖЭТ» филиалында өзі еңбек еткен ұжым қызметкерлері үлгі тұтатын тұлға, филиалдың қадірлі қонағы.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс