ЭКЕАЖ

Негізгі ережелер

ЭКЕАЖ — өндірілген, жеткізілген, таратылған және тұтынылған электр энергиясы үшін ЭКН субъектілері арасындағы өзара есеп айырысу үшін деректерді өңдеуге, сақтауға, жеткізуге және деректерді әзірлеуге арналған өлшеу құралдарының және осы өлшемдерді жинауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің жиынтығы.

Электр желілік компаниялардың ЭКЕАЖ құру мақсаты:

  • Компания желілеріндегі электр энергиясының шығындарын есепке алу және есептеу үшін нарық субъектілерімен электр энергиясын алмасу (тұтыну немесе беру) туралы ақпаратпен уақтылы сенімді қамтамасыз ету.
  • Жою мақсатында шығын ошақтарын анықтау.
  • Электр энергиясының теңгерімін анықтау (электр энергиясының шығынын дәл есепке алу).
  • ЭКН субъектілерімен электр энергиясын есепке алу бойынша өзара келісілген ақпаратпен алмасу.

Тұтынушылардың ЭКЕАЖ құру мақсаты:

  • Сатып алынатын электр энергиясының құнын оңтайландыру.
  • Электр тұтыну режимдерін оңтайландыру.
  • Тұтынылған электр энергиясының нақты құнын тоғыспалы субсидиялаусыз төлеу.
  • Жоспарланған кезеңдегі электр энергиясы құнының болжамдылығы.
  • Сенімді электрмен жабдықтау.
  • Электр энергиясының теңгерімін анықтау (электр энергиясының шығынын дәл есепке алу).
  • ЭКН субъектілерімен электр энергиясын есепке алу бойынша өзара келісілген ақпаратпен алмасу.

Энергия көздерінің ЭКЕАЖ құру мақсаты:

  • Кірістердің болжамдылығы.
  • Электр энергиясын жеткізу төлемінің кепілдіктері.
  • Электр энергиясын өндіруді жедел бақылау.
  • Электр энергиясының теңгерімін анықтау (электр энергиясының шығынын дәл есепке алу).
  • Кәсіпорынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін анықтау.
  • ЭКН субъектілерімен электр энергиясын есепке алу бойынша өзара келісілген ақпаратпен алмасу.

ЭКН ЭКЕАЖ құру мақсаты:

  • Электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарығында электр энергиясын өндіру, жеткізу, бөлу және тұтыну кезінде оның қолжетімді, меншікті және заңды өлшемдерінің дерекқорын қалыптастыру.
  • Электртехникалық есептеулер кешенін орындау.
  • Электр энергиясының көтерме және теңгерімдеуші нарығында өзара есеп айырысу үшін бастапқы деректерді әзірлеу.
  • ЭКН субъектілерімен электр энергиясын есепке алу бойынша өзара келісілген ақпаратпен алмасу.

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші