Метрологиялық қамтамасыздандыру

Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидасының талаптарына сәйкес (ҚР ЭМ 30.03.2015 ж. №248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 06.05.2015 ж. №10957 тіркелген).   

  ЭКЕАЖ құрған кезде көтерме сауда нарығының субъектісі мыналарды қамтамасыз етеді:

  •  белгіленген дәлдік сыныптарын өлшеу құралдарын қолдану;
  • белгіленген қателік нормаларымен өлшеулерді орындау.

Өлшем құралдары «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңының талаптарына сәйкес келуі тиіс, атап айтқанда:

  • сериялық шығарылым сынақтарға осы өлшеу құралдары тұрпатын ҚР СТ 2.21 талаптарына сәйкес ары қарай бекіте отырып жатқызылады;
  • бір данада даярланғаны немесе енгізілгендері метрологиялық аттестациялауға ҚР СТ 2.30 талаптарына сәйкес ұшырайды;
  • олардың тұрпатын бекіткен не метрологиялық аттестациялаудан соң өндірістен немесе жөндеуден шығарған, пайдалану және импорт бойынша кіргізу кезінде өлшеулер бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйе тізілімінде ҚР СТ 2.4 талаптарына сәйкес тексеріске ұшырайды;
  • Коммерциялық есепке алу нүктесінде орнатылатын электр энергиясын есепке алу кешендерінің (ЭКЕ) РД 34.09.101 талаптарына сәйкес жасалған паспорт-хаттамасы болуы, сондай-ақ Электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидасының талаптарына сәйкес (ҚР ЭМ 30.03.2015 ж. №248 бұйрығымен бекітілген және ҚР ӘМ 06.05.2015 ж. №10957 тіркелген) сәйкес куәландырылуы тиіс.

ЭЕКАЖ шеңберінде жүзеге асырылатын өлшеулер көтерме сауда нарығы субъектілері әзірлеген және мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталық (ҚазСтандарт РМК) бекіткен өлшеулерді атқару әдістемелері бойынша ҚР СТ 2.18, МЕМСТ 8.010 талаптарына, сондай-ақ мыналарға сәйкес жүргізілуі тиіс:

  • ҚР СТ 2.121–2006 «ҚР МӨЖ. Электр энергиясын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.120–2006 «ҚР МӨЖ. Электр қуатын өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар»;
  • ҚР СТ 2.122–2006 «ҚР МӨЖ. Энергообъектілерде Электр энергиясы мен қуатының автоматтандырылған коммерциялық есепке алу жүйесін пайдалана отырып электр энергиясы мен қуатты өлшеуді атқару әдістемелеріне талаптар».

Нұсқаулықтарды әзірлеу қажет, соның ішінде:

  • тоқ, кернеу трансформаторларындағы екінші тізбек жүктемелері мен кернеу трансформаторларынан электр есептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу ысыраптарын өлшеуді атқару бойынша;
  • кернеу трансформаторларынан электресептеуіштерінің клеммалық қыспағына дейінгі кернеу түсуін айқындау бойынша;
  • қателіктерді айқындау үшін өлшеу трансформаторларының вольтамперлік сипаттамаларын алу бойынша.

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші