«KEGOC» АҚ-дағы ұтымгерлік және өнертапқыштық қызмет (бұдан әрі – ҰӨҚ) «KEGOC» АҚ Даму стратегиясына және «KEGOC» АҚ Инновациялық-технологиялық саясатына сәйкес Қоғамның стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған.
ҰӨҚ басты артықшылығы - әрбір қызметкердің осы процеске қатысу мүмкіндігі, бұл өз кезегінде идеяны туғаннан жүзеге асыруға дейінгі уақытты барынша азайтуға және Компания қызметкерлерінің максималды санын қамтуға мүмкіндік береді.
ҰӨҚ шеңберінде идеялар Компанияның басқа бөлімшелерінде қолдану мүмкіндігімен айқындалады және ұсынысты кеңейту шарттары қарастырылған.
ҰӨҚ ұйымдастырудағы негізгі мақсаттар:
1) ҰӨҚ-ін белсендіру және Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің жаппай техникалық шығармашылығын одан әрі дамыту;
2) Қоғам мен еншілес ұйымдар қызметкерлерінің өз жұмысының нәтижелеріне қызығушылығын ҰӨҚ үшін моральдық және материалдық ынталандыру арқылы арттыру.
Ұтымгерлік ұсыныстардың статистикасы
2013-2025 жылдар аралығына 295 өтініш ұтымгерлік ұсыныс деп танылды.

Ескерту:
ЖО ҰДО – жүйелік оператордың ұлттық диспетчерлік орталығы;
ЖЭТ – жүйеаралық электр тораптары.
Сыйақы түрлері
ҰӨҚ материалдық ынталандыру адами капиталдың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Компания қызметкерлері жұмыс процестерін жақсартуға, өндірістік мәселелерді шешудің оңтайлы нұсқаларын табуға ынталы.
Іске асырылған ұтымгерлік ұсыныс үшін материалдық сыйақы мөлшері екі санат бойынша айқындалады:
1) бірінші санат – шағын экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл экономикалық тиімділік күтілмейтін немесе экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеге дейін болатын ұтымгерлік ұсыныстар. Бірінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақылардың мөлшері Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес есептеледі және 520 АЕК-тен аспауы тиіс.
2) екінші санат – экономикалық әсері бар ұтымгерлік ұсыныстар. Бұл ұтымгерлік ұсыныстар, оларды енгізуден экономикалық тиімділік 5 000 000 (бес миллион) теңгеден асады. Екінші санат бойынша ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері нақты жылдық кіріс/жинақ сомасының 20% құрайды, бірақ 10 000 000 теңгеден аспайды.
2020-2025 жылдар кезеңінде ұтымгерлік ұсыныстар үшін сыйақы мөлшері:

Сыйақының ең жоғары мөлшері 10 миллион теңге 2023 жылы «Қостанай энергия торабын электрмен жабдықтау сенімділігін арттыру» ұтымгерлік ұсынысы үшін «Сарыбай ЖЭТ» «KEGOC» АҚ филиалына төленді.
Осы ұтымгерлік ұсыныс шеңберінде аварияға қарсы басқару автоматикасын қайта конфигурациялау және жөндеу және авариялық ажыратулар кезінде қосымша желілерді автоматты түрде іске қосуды ұйымдастыру бойынша техникалық шешімі әзірленді. Осы ұтымгерлік ұсынысты енгізудің экономикалық әсері 68 млн. теңгені құрайды.
«Үздік ұтымгерлік ұсыныс» байқауы
Байқау Компанияның және еншілес ұйымдардың ұтымгерлер ынталандыру және қызметкерлерді ҰӨҚ-қа тарту мақсатында өткізіледі. Байқау жыл сайын өткізіледі және байқаудың негізгі міндеті – ең тиімді ұтымгерлік ұсыныстарды анықтау және ұтымгерлік ұсыныстардың ерекше авторларын ынталандыру.
«KEGOC» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі жанындағы Инновациялық-технологиялық даму жөніндегі комитетінің шешіміне сәйкес 2025 жылдың алдын ала қорытындысы бойынша келесі ұтымгерлік ұсыныстар Байқау жеңімпаздары болып анықталды:
1 орын – Тартушы механизмдерді қолданбай кермелерді жөндеу немесе ауыстыру кезінде тіректерді уақытша бекітуге арналған құрылғы (Автор: А.Т. Кодорменов – «Ақмола ЖЭТ» филиалының ЭЖЖ ӨУ шебері. Серіктес автор: Е.Н. Артымбаев – «Ақмола ЖЭТ» филиалының ЭЖЖ ӨУ шебері).
2 орын:
- СК типті тіректердің фланецтерін құрастыруға арналған ұтқыр стенді (Автор: Қ.А. Ақтамбердиев – «Оңтүстік ЖЭТ» филиалының ЭЖЖ қызметінің бастығы. Серіктес автор: С.Қ. Чалабаев – «Алматы ЖЭТ» филиалының Алатау АЭТ ЭЖЖ ӨУ-нің 6 разрядты электр-газбен дәнекерлеушісі).
- АҚҚ бұғатталуын болдырмау үшін типтік жобаны өзгерту (Серіктес авторлар: Б.К. Билялов – «Ақмола ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ аға инженері және Е.У. Лекеров – «Ақмола ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ бастығы).
3 орын:
- Жұмыс жиілігінде жоғары жиілікті қорғау (ЖЖҚ) параметрлерін жанама анықтау әдісі (Автор: С.С. Тумилович – «Орталық ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ жетекші инженері. Серіктес автор: С.В. Куркевич – «Орталық ЖЭТ» филиалының РҚжЭҚ 2 санатты инженері. Көмек көрсеткен тұлға: А.А. Қобыланды – «Орталық ЖЭТ» филиалының ӨТҚ 2 санатты инженері).
- Тарту механизмдерін қолдана отырып, жұмыстарды қауіпсіз орындау әдісі (Серіктес авторлар: О.В. Журавлев – «Солтүстік ЖЭТ» филиалының бас инженердің орынбасары және Д.А. Сарбасов – «Солтүстік ЖЭТ» филиалының Орталық АЭТ шебері).
- ЭЭТН-да бағаларды есептеуді автоматтандыру (Серіктес авторлар: Ә.Е. Жұмабаева – «ЖО ҰДО» филиалының бас диспетчердің режимдер бойынша орынбасары және А.Г. Патакин – «Энергоинформ» АҚ Технологиялық жүйелерді сүйемелдеу департаментінің бас сарапшысы).
Компания мен еншілес ұйымдардың 358-тен астам қызметкерлері ұтымгер болып табылады. Ең белсенді ұтымгерлер:
