Ұлттық энергия жүйесі

Қазақстан Республикасы электр энергетикасының құрылымы

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикалық жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды. 2026 жылғы жай-күй бойынша Қазақстан Республикасы БЭЖ 1150-500-220-110 кВ электр желілерінің карта-схемасы

Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

  • тұтынушыларға  электр мен жылу энергиясын жеткізушілерді таңдау құқығына кепілдік беретін  нарықта бәсекелестік жағдай тудыру арқылы энергияны тұтынушылардың сұранысын барынша қанағаттандыру және электр мен жылу энергиясы нарығына қатысушылардың құқықтарын қорғау
  • Қазақстан Республикасы электр энергетикалық кешенінің сенімді және тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • еліміздің шаруашылық-экономикалық және әлеуметтік кешендерінің тіршілігін қамтамасыз етудің маңызды жүйесі саналатын Қазақстан Республикасының электр энергетикалық кешенін басқарудың тұтастығы.

Электр энергетикасы саласында бақылау мен реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі болып табылады. 

Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі:

  • электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады;
  • электрмен жабдықтаудың үлгі шартын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялаушы қондырғыларды салуға арналған үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсетуге үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • Тұлғалар тобының тізіліміне (бұдан әрі – Тізілім) енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатын құру бойынша үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • Тізілімге енгізілген көтерме сауда нарығының субъектілерімен электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы үлгі шартты әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станциялары мен желілерін техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі, сонымен қатар осы нарықта қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстанның біртұтас электр энергетикалық жүйесіндегі авариялық бұзылыстардың алдын алу және оларды жою бойынша қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық сараптама жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық регламенттерді әзірлейді және бекітеді,
  • электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станцияларының жылу механикалық жабдықтарын және жылу желілерін пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникалары қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қондырғыларын орнату қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергиямен жабдықтауды авариялық және технологиялық брондау актісін жасау бойынша нұсқаулықты әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу энергиясын пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жүйелік оператордың қызмет көрсетуі, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда-саттықта (аукцион) сатылатын, сатып алынатын мүлік (активтер) тізіліміне енгізу туралы шешім қабылдайды;
  • электрмен жабдықтау сенімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр желілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
  • тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық кәсіпорындар үшін өрт қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • тозаң тектес отынды дайындау және жағу үшін отын берудің жарылыс қауіпсіздігі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр желілері объектілерінің күзетілетін аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • әуелік электр жеткізу желілерінің тіреулерін орналастыруға арналған жер телімдерінің көлемдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу тораптары объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтарда орналасқан жер телімдерін пайдаланудың ерекше талаптарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр жеткізуші ұйымдардың электр энергиясын жеткізу бойынша қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • құралдармен және аспаптармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Біртұтас электр энергетикалық жүйе, электр станциялары, аудандық қазандықтар, электр және жылу желілерінің жұмысындағы технологиялық бұзылушылықтарды тексеру және есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • техникалық жаңарудан кейін электр станцияларының энергия объектілерін, электрлік және жылу желілерін пайдалануға қабылдау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикада жұмыс орындарын аттестаттау, оңтайландыру, есепке алу және жоспарлау туралы ережені әзірлейді және бекітеді;
  • жылу энергиясын босатуды және жылу тасымалдағышты есепке алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станциялары, жылу және электр желілерінің жабдығын, ғимараттарын және үй-жайларына техникалық қызмет көрсету және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу электр станцияларының  электр қуатын шектеуді келісу қағидаларын және бұл шектеулерді қысқарту бойынша іс-шараларды әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының орталықтандырылған сауда-саттығын ұйымдастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қондырғылардың техникалық жай-күйін және пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін басшылықтың, өндірісті, электр және жылу энергиясын жеткізуді жүзеге  асыратын ұйым мамандарының техникалық пайдалану және қауіпсіздік техникасы қағидалары бойынша білімдеріне  біліктілік тексеруін өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • сараптама ұйымдарын және әзірлеуші зауыттарды жұмылдырып, электр станциялары, электрлік және жылу желілерінің энергетикалық жабдықтарының, ғимараттар мен үй-жайлардың, сонымен қатар тұтынушылардың энергетикалық жабдықтарының техникалық жай-күйін мерзімдік тексеру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуаты нарығын ұйымдастыру және жұмыс істеуі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жүйелік операторды белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспектордың қызметтік куәлігінің, нөмірлік мөртабаны мен пломбасының үлгісін белгілейді;
  • энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қорының нормаларын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдар үшін күзгі-қысқы кезеңде отынның пайдалану қоры нормаларын бекітеді;
  • өз құзыреті шеңберінде электр және жылу энергиясын өндіру, жеткізу және тұтыну, сонымен қатар электр қуатының дайындығын ұстап тұру және электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;
  • электрмен жабдықтау сенімділігінің көрсеткіштерінің нормативтік мәндерін, сонымен қатар оларды белгілеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың технологиялық қажеттіліктеріне электр және жылу энергиясы шығындарының нормаларын реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
  • жабдықты жобалау, салу, пайдалану және техникалық-экономикалық сипаттамасы салаларында нормативтік техникалық құжаттарды әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдардың Электр энергетикасы туралы заңның 13-бабы 3-2-тармағы 3) тармақшасында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • орталықтандырылған сауда-саттық нарығының операторын белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспекторлардың актілерінің нысандарын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының территориясында Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесімен электр байланысы жоқ аймақтар үшін электр энергиясының көтерме сауда нарығының жұмыс істеу және оны ұйымдастыру ерекшеліктерін белгілейді;
  • мемлекеттік техникалық инспекторға қызметтік куәлік, нөмірлік мөртаңба және пломбалау тетігін беру тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері үшін электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергетикалық сараптама жүргізу үшін сараптау ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;
  • инвестициялық бағдарламаны әзірлеуге техникалық тапсырманы әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуаттарын орналастырудың перспективалық схемасын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер өткізеді;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер қорытындылары бойынша аталған тендердің жеңімпазымен шарт жасайды;
  • жаңадан пайдалануға енгізілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендер нәтижелері бойынша жеңімпазды анықтайды, онымен бірыңғай сатып алушы электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді сатып алу туралы шарт жасайды;
  • электр энергиясы мен қуатының болжалды теңгерімдерін бекітеді;
  • энергия өндіруші, энергия жеткізуші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындық паспортын алу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады;
  • электр энергиясының шекті тарифтерін бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерге шектік тарифтерді бекітеді;
  • электр энергиясын сатушы энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді;
  • электр энергиясына шектік тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шектік тарифті және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шектік тарифті бекіту тәртібін белгілейді;
  • жүйелік оператордың Электр энергетикасы туралы Заңның 15-2-бабы 2-тармағында қарастырылған талаптарды сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
  • өзінің интернет-ресурсында энергия өндіруші ұйымдардың  электр энергиясын сату және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтерді көрсету тәртібін бұзуы туралы ақпаратты және анықталған бұзушылықтарды жою бойынша қабылданған шаралар туралы ақпарат орналастырады;
  • электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде есепке алынатын тіркелген пайданы анықтау, сонымен қатар теңгерімделетін электр энергиясына шекті тарифті бекіту кезінде есепке алынатын теңгерімдеу үшін тіркелген пайданы анықтау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
  • нарық кеңесін белгілейді, сонымен қатар нарық кеңесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға өткізілген тендерлердің жеңімпаздарымен жасайтын шарттары үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
  • жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдармен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасайды;
  • электр энергиясы мен қуатының болжамды теңгерімдерін әзірлеу тәртібін әзірлейді және бекітеді;
  • электр энергетикасы саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды  әзірлейді және бекітеді;
  • бірыңғай сатып алушыны белгілейді;
  • теңгерімдейтін электр энергиясына шекті тарифтерді бекітеді;
  • генерациялайтын қондырғылардың электр қуатын аттестаттауды өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметтің көлемдерін және электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының уәкілетті органмен жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңартуға инвестициялық келісімдер жасаған әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен шарт жасауы үшін оны сатып алу мерзімдерін белгілейді;
  • электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу туралы бірыңғай сатып алушының құрамына жылу электр орталықтары кіретін әрекет етуші энергия өндіруші ұйымдармен жасайтын шарттары үшін электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызмет көлемін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • бірыңғай сатып алушының  электр қуатының жүктемені көтеруге дайындығын қамтамасыз ету бойынша қызмет бағасын есептеуі және интернет-ресурста орналастыруы қағидаларын қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бойынша инвестициялық келісімдерді жасау, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасауды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • жылу беру маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • бекітілген қағидаларға сәйкес Тізілім құрады және оны жүргізеді;
  • Тізілімді құру және жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • Тізілімге енгізілген тұтынушылардың болжанатын тапшылықты өтеу үшін электр қуатын құруға қатысу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • энергия өндіруші ұйымдар мен Тізілімге енгізілген тұтынушылар пайдалануға енгізетін генерациялайтын қондырғыларға арналған отынды орналастыру орнын (алаңын), типін және түрін келіседі;
  • жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау кезінде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарын үйлестіруді жүзеге асырады;
  • жылу энергиясын өндіру саласындағы ұйымдардың энергиямен жабдықтау жүйелерін жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру үшін тартылған халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын өтеуге және оларға қызмет көрсетуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларын бекітеді;
  • тұтынушыларды электр станцияларының тізіліміне енгізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
  • электр станцияларының тізілімін бекітеді;
  • осы Заңда, Қазақстан Республикасының басқада заңдарында, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерінде қаралған басқа да өкілеттікті жүзеге асырады.

Электр энергетикасы саласындағы бақылауды мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитеті жүзеге асырады. 

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі мемлекеттік орган:

  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы нормативтік құқықтық актілері талаптарының сақталуын;
  • электр станцияларының энергетикалық жабдықтарының, электр желілерінің, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуы мен техникалық жай-күйін;
  • электр энергиясын өндіру, жеткізу, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін;
  • электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасының қағидаларын білуін тексеруден өтпеген персоналдың электр қондырғыларында жұмыс істеуіне жол бермеу және босатуды қадағалауды және бақылауды жүзеге асырады.

Энергетикалық бақылау:

  • электр және жылу энергиясының сапасы бойынша техникалық шарттардың талаптарының сақталуы;
  • өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласында нормативтік құқықтық актілерінің сақталуы;
  • электр және жылу энергиясын тиімді және үнемді пайдалану, өндіру режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
  • электр станцияларының, электр және жылу желілерінің күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуге дайындығы бойынша жүзеге асырылады.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөніндегі орган:

  • электр энергетикасы кәсіпорындарының объектілері мен жабдықтарының күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін бағалау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысады;
  • негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген электр станцияларының, электр желiлерiнің жұмысындағы технологиялық бұзылыстардың есебін жүргізеді;
  • қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады, сондай-ақ санатына сәйкес энергетикалық сараптама жүргізу жөніндегі сараптама ұйымдарының тізілімін жүргізеді, интернет-ресурста орналастырады және жаңартып отырады;
  • Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде электр энергетикасы саласындағы әкімшілік істер бойынша материалдарды қарауды жүзеге асырады;
  • Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын бұзушылықтар бойынша сотқа жүгінеді және соттың істерді қарауы кезінде қатысады;
  • табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөнінде қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.

Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау жөнiндегi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:

1) электр және энергия қондырғыларына кедергісіз қол жеткізуге;

2) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар дайындауды жүзеге асыруға;

3) энергетикалық жабдыққа зерттеп-қарау жүргiзу, энергетикалық ұйымдарды кешендi тексерулер және электр станциялары, электр желiлерi энергетикалық жабдығының жұмысындағы технологиялық бұзушылықтарды тергеп-тексеру кезiнде сарапшыларды тартуға;

4) әзірлік паспортын алу үшін көлемі Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келетін, әзірлік паспортын алу үшін ұсынылған құжаттарға қосымша түсіндірмелер, материалдар мен негіздемелер қажет болған жағдайда әзірлік паспортын ескертулерсіз немесе ескертулермен бірге беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының электр энергетикасы туралы заңнамасында белгіленген шарттар мен талаптардың орындалуын растайтын ұсынылған құжаттардың көлемі, мазмұны сәйкес келмеген жағдайда әзірлік паспортын беруден бас тартуға құқылы.

Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте табиғи монополиялар саласында және реттелетін нарықтарда (соның ішінде электр энергетикасы саласында) басшылық ететін мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті болып табылады. 

Нарық субъектілерінің қызметін бақылау және реттеу, бәсекелікті қорғау және дамыту, сонымен қатар белгілі бір тауар нарығында үстем нарық субъектілерінің (соның ішінде электр энергиясы нарығында) қызмет көрсету саласында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы бақылау-қадағалау функцияларын Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау агенттігі жүзеге асырады. 


Қазақстан Республикасында электр энергетикасы саласында әрекет ететін заңнамалық және өзге нормативтік құқықтық актілер:

  • «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;
  • «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;
  • «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 04.07.2009ж. заңы;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 106 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы электр энергиясының көтерме сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 691 бұйрығымен бекітілген Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызмет көрсету нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығының жұмыс істеуі қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 111 бұйрығымен бекітілген Электр энергиясының бөлшек сауда нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс iстеуі, сондай-ақ осы нарықта қызмет көрсету қағидалары;
  • Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығымен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидалары;
  • Басқа да заңнамалық және нормативтік құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының ұлттық компанияларын басқарудың қолданыстағы моделін жетілдіру  және  мемлекеттік активтерді тиімді басқару мақсатында Президенттің Жарлығымен 2008 жылғы қазанда «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстан холдингі» АҚ мен «Қазына»  мемлекеттік тұрақты даму қорын біріктіру жолымен  «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ – энергетика саласын, телекоммуникацияны, көлік салаларын және даму институттарын қоса алғанда, экономиканың түрлі саласындағы ұлттық компанияларға иелік ететін және оларды басқаратын мемлекеттік холдингтік компания.   

Сала үрдістеріне шолу (теңгерімдер)

Жүктеменің жылдық максимумы

Қазақстан БЭЖ-і бойынша біріктірілген максимум сағатына максималды тұтыну 2025 жылғы 27 желтоқсанда сағат 18:00-де тіркелді және 17540 МВт құрады, оның ішінде келесі аймақтар бойынша: Солтүстік - 10645 МВт; Оңтүстік – 4403 МВт; Батыс – 2492 МВт. Бұл ретте жүктеме максимумы 18 желтоқсанда сағат 17:55 – те тіркелді және 17724 МВт құрады, оның ішінде Оңтүстік аймақ тұтынушыларының шектеулері - 209 МВт, келесі аймақтар бойынша: Солтүстік– 10626 МВт; Оңтүстік – 4527 МВт; Батыс – 2362 МВт.

Қазақстан БЭЖ-і бойынша біріктірілген максимумның сағатына генерация 16730 МВт құрады, оның ішінде келесі аймақтар бойынша: Солтүстік– 12169 МВт; Оңтүстік – 2249 МВт; Батыс – 2312 МВт. Оңтүстік аймақ тапшылығын қамту «Солтүстік-Оңтүстік» транзиті бойынша жүзеге асырылды - 1941 МВт. ҚР БЭЖ-і бойынша қуаттың сальдоланған ағыны 810 МВт құрады, оның ішінде Ресейден қабылдау 597 МВт (Солтүстік аймақтар бойынша 417 МВт, Батыс аймақтар бойынша 180 МВт), Орталық Азиядан қабылдау 213 МВт.

Электр энергиясын өндіру

2025 жылы Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру 123110,9 млн. кВтсағ құрады, оның ішінде:

жылу электр станциялары

91650,8 млн. кВтсағ

газ турбиналы электр станциялары 

13489,2 млн. кВтсағ

су электр станциялары

10493,8 млн. кВтсағ

с.і. шағын су электр станциялары

1175,1 млн. кВтсағ    

ЖЭК

7477,1 млн. кВтсағ 

с.і. жел электр станциялары

5400,7 млн. кВтсағ

күн электр станциялары

2074,6 млн. кВтсағ

биогаз қондырғылары

1,8 млн.кВтсағат

Жалпы, жыл бойынша электр энергиясын өндіру 2024 жылмен салыстырғанда 5195,5 млн.кВтсағатқа немесе 4,4% - ға артты.

Бұл ретте өндіру келесі ірі электр станцияларында артты:

Екібастұз ГРЭС-1

-2029,2 млн.кВтсағатқа немесе 9,0%-ға;

«Жамбыл ГРЭС» АҚ

-779,2 млн.кВтсағатқа немесе 22,7%-ға;

ГРЭС «Топар» ЖШС 

-421,3 млн.кВтсағатқа немесе 12,3%-ға;

«Qarmet» (АМТ) ЖЭО

-2 258,9 млн.кВтсағатқа немесе 11,7%-ға;

Жезқазған ЖЭО «Kazakhmys Energy» ЖШС

197,0 млн.кВтсағатқа немесе 19,9%-ға;

«СевКазЭнерго Петропавловск» АҚ

-181,2 млн.кВтсағатқа немесе 7,8%-ға;

«Казхром» ТҰК АФЗ (ГТУ) ЭС 

-139,6 млн.кВтсағатқа немесе 20,9%-ға;

«АлЭС Алматы ЖЭО-2» АҚ 

-92,5 млн.кВтсағатқа немесе 3,7%-ға;

«АлЭС Алматы ЖЭО-1» АҚ

-83,2 млн.кВтсағатқа немесе 25,4%-ға; 

Балқаш ЖЭО «KazakhmysEnergy» ЖШС 

-75,0 млн.кВтсағатқа немесе 7,9%-ға; 

«ЕЭК» АҚ 

-64,2 млн.кВтсағатқа немесе 0,5%-ға. 

Қазақстанның Оңтүстік аймағында Жамбыл ГРЭС электр энергиясын өндіру 4218,1 млн. кВтсағатты құрады, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 779,2 млн. кВтсағатқа артық, 2025 жылы станция келесі режимде жұмыс істеді: қаңтардан 27 сәуірге дейін төрт блокты режимде; 28 сәуірден 14 мамырға дейін үш блокты режимде; 15 мамырдан 5 маусымға дейін төрт блокты режимде; 6 маусымнан 18 маусымға дейін үш блокты режимде; 19 маусымнан 1 тамызға дейін төрт блокты режимде; 2 тамыздан 29 тамызға дейін үш блокты режимде; 30 тамыздан 1 қыркүйекке дейін бір блокты режимде; 2-7 қыркүйек аралығында ГТС-3 (газ тарату станциясы) жөндеу жұмыстарына және газ жеткізуді толық тоқтатуға байланысты; 8-16 қыркүйек аралығында бір блокты режимде; 16-24 қыркүйек аралығында екі блокты режимде; 24-18 қыркүйек аралығында үш блокты режимде; 18 қазаннан 31 желтоқсанға дейін төрт блокты режимде.

2024 жылмен салыстырғанда келесілерде электр энергиясын өндірудің барынша төмендеді: 

«Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» АҚ

- 799,0 млн.кВтсағатқа немесе 13,2%-ға;

«Қазақстан алюминийі» АҚ ЖЭО-1          

- 352,8 млн.кВтсағатқа немесе 16,5%-ға;

«Павлодарэнерго» АҚ  ЖЭО-3       

- 170,4 млн.кВтсағатқа немесе 5,8%-ға;

«АлЭС Алматы ЖЭО-3» АҚ 

- 68,9 млн.кВтсағатқа немесе 7,8%-ға;

«3-Энергоорталык» АҚ       

- 17,2 млн.кВтсағатқа немесе 2,0%-ға.

Қазақстанның ГЭС-терінде электр энергиясын өндіру 2025 жылы 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 729,6 млн.кВтсағ (6,5%) азайды. Қазақстан ГЭС-і жұмыс режимі су шаруашылығы теңгерімімен және гидрологиялық жағдаймен айқындалды.

ЖЭС-те электр энергиясын өндіру 3273,0 млн. кВтсағатқа  (3,7%), ГТЭС-те 1568,8 млн.кВтсағатқа(13,2%) және ЖЭК-те (КЭС, ЖЭС, БГҚ) 1083,3 млн.кВтсағатқа (16,9%) артты.

2024 жылмен салыстырғанда Қазақстан бойынша электр энергиясын өндіру құрылымы мынадай:

2024 ж., %

(есептік кезең)

2025 ж., %

(есептік кезең)

Барлығы

100,0%

100,0%

с.і. ЖЭС

75,0%

74,4%

ГЭС

9,5%

8,5%

ГТЭС

10,1%

11,0%

КЭС, ЖЭС және БГҚ 

5,4%

6,1%


Электр энергиясын тұтыну

2025 жылы Қазақстанның электр энергиясын тұтынуы 2024 жылмен салыстырғанда 4611,0 млн.кВтсағатқа (3,8%) артты және 124606,5 млн. кВтсағатты құрады.

Солтүстік аймақ бойынша электр энергиясын тұтыну 205,3 млн.кВтсағатқа (0,3%), Қазақстанның Батыс аймағы бойынша 2141,6 млн. кВтсағатқа (13,2%), Оңтүстік аймағы бойынша 2264,1 млн. кВтсағатқа (8,0%) өсті.

2024 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуы артты:

«Казхром» ТҰК» АҚ (АФЗ)  

- 147,7 млн.кВтсағатқа немесе 4,2%-ға;

«Казфосфат» ЖШС

- 123,5 млн.кВтсағатқа немесе 6,6%-ға;

«QARMET» АҚ (АМТ) 

- 32,4 млн.кВтсағатқа немесе 1,1%-ға;

«Қазақстан алюминийі» АҚ 

- 20,3 млн.кВтсағатқа немесе 1,8%-ға;

«Kazakhmys Smelting» (Қараг.обл) ЖШС  

- 0,6 млн.кВтсағатқа немесе 0,1%-ға.

2024 жылмен салыстырғанда электр энергиясын тұтынуы келесілерде азайды:

«Ақсу ФЗ» Казхром ТҰК

- 411,1 млн.кВтсағатқа немесе 7,6%-ға;

«Корпорация Қазақмыс» ЖШС (ЖЦМ, БЦМ, КЦМ) 

- 253,5 млн.кВтсағатқа немесе 15,6%-ға;

«Соколов-Сарыбай КББ» АҚ 

- 97,7 млн.кВтсағатқа немесе 6,8%-ға;

«Казцинк» ЖШС

- 78,4 млн.кВтсағатқа немесе 2,8%-ға;

«АМӨЗ» ЖШС     

- 37,8 млн.кВтсағатқа немесе 4,6%-ға; 

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ  

- 11,4 млн.кВтсағатқа немесе 0,3%-ға.


Аймақтар бойынша электр энергиясын тұтыну:

- Қазақстан

124606,5 млн.кВтсағатқа немесе 100,0%

- Солтүстік аймақ

75540,6 млн.кВтсағатқа немесе 60,6%

- Оңтүстік аймақ

30641,0 млн.кВтсағатқа немесе 24,6%

- Батыс аймақ

18424,9 млн.кВтсағатқа немесе 14,8%

2025 жылдың есептік кезеңінде 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Атырау облысы бойынша электр энергиясын тұтынудың ең жоғары өсімі 2032,4 млн. кВтсағат (24,7%), Алматы облысы бойынша 747,1 млн. кВтсағат (5,9%), Түркістан облысы бойынша 664,8 млн. кВтсағат (9,6%), Жамбыл облысы бойынша 646,1 млн. кВтсағат (12,7%) байқалады.

Электр энергиясы ағындары

1495,6 млн. кВт/сағат электр энергиясын өндіру мен тұтыну арасындағы айырмашылық Ресей Федерациясының электр жүйесінен электр энергиясын жеткізумен қамтылды.

2025 жылғы есептік кезеңде Ресеймен электр энергиясының сальдо-ағыны – 2479,3 млн.кВтсағат (2024 жылы Ресеймен 3411,1 млн. кВтсағ). Бұл ретте Ресейге электр энергиясының экспорты 2159,5 млн. кВтсағат (2024 жылы – 1514,9 млн.кВтсағат). Ресейден электр энергиясының импорты 4638,8 млн. кВтсағат (2024 жылы – 4926,0 млн.кВтсағат). Экспорт пен импорт РФ-мен электр энергиясының теңгерімделген көлемін ескере отырып берілген.

Орталық Азиямен сальдо-ағын – 983,7 млн.кВтсағат (2024 ж. ОА-мен 1331,0 млн.кВтсағат). Бұл ретте ОА-ға электр энергиясының экспорты 1784,6 млн. кВтсағат (2024 жылы – 1624,1 млн.кВтсағат). ОА-дан электр энергиясының импорты 800,9 млн. кВтсағат (2024 жылы – 293,1 млн.кВтсағат).

 

Жедел желі

Кері байланыс

Көмекші