Біздің ардагерлеріміз

КУЗНЕЦОВ ВАСИЛИЙ ПАВЛОВИЧ

Москва облысы, Шатурск ауданының Лузгарино ауылында 1925 жылғы 29 шілдеде туған.

1943 жылы маусым айында Совет Армиясы қатарына, Москваның миномёттік атқыштар училищесіне шақырылды.

1944 жылдың маусым айында Москваның миномёттік атқыштар училищесін бітіріп, кіші лейтенант атағына ие болды,одан кейін Белорусь майданына жіберілді.

Соғысты Брест қаласының маңында бастады, миномёттік взводтың командирі, одан кейін автоматты взводтың командирі болды.

1945 жылдың 28 қаңтарында ауыр жараланды және Кёнигсберг қаласын жаудан тазартуда қатты жарақат алды. 1945 жылдың 25 мамырына дейін госпиталда емделді.

Ұлы Отан соғсыныда көрсеткен ерліктері үшін:

  • «1 дәрежелі Отан соғысы» орденімен,
  • «2 дәрежелі Отан соғысы» орденімен,
  • «Ерен еңбегі және ерлігі үшін» медалімен және көптеген басқа медалдармен наградталды.
Еңбек жолын 1947 жылы Москва қаласында «ЦЕНТРОЭНЕРГОМОНТАЖ» одақтық монтаждау тресінде бастады. Еңбек еткен жылдары шебердің көмекшісінен бастап аға шеберден прорабқа дейінгі жолдардан өтті.

1952 жылдың 8 қаңтары мен 1987 жылдың 27 сәуірі аралығында «Қарағандыэнерго» жүйсінде, Орталық диспетчерлік қызметте: диспетчера, аға диспетчер, бас диспетчер лауазымдарын атқарды. Оның тікелей қатысуымен және басшылығымен Қарағанды қаласында Орталық диспетчерлік қызмет құрылды.

1987 жылдың 5 сәуірінен бастап 1996 жылдың 22 шілдесіне дейін зейнеткерлікке шыққанға дейін «Қарағандыэнерго» оқу-курстық комбинатта сабақ берді.

Абыройлы атқарған ерен еңбегі үшін түрлі наградалармен бірнеше рет марапатталды:
  • «Ерен еңбегі үшін» медалі
  • «Адал еңбегі үшін» медалімен
  • «Құрмет белгісі» орденімен
  • «Еңбек ардагері» медалімен»
  • «ГОЭЛРО 60 жыл» мерекелік медалімен
  • 22.12.76ж. «КСРО энергетика және электрификация үздігі» медалімен
  • 20.08.96ж. «ЕЭС 40 жыл» құрмет белгісімен.
  • 2006 жылы «ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі»
  • 29.04.09 жылы Ұлы Отан соғысы кезінде Отан алдындағы сіңірген еңбегі үшін, Қарағанды қаласының энергетикасын дамытуға қосқан үлесі үшін «Қарағанды қаласының құрметті азаматы» атағын иеленді.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс