Біздің ардагерлеріміз

ШАЙМУХАМЕТОВ ГЕННАДИЙ ФЕДОРОВИЧ

Шахмухаметов Геннадий Федорович, 1923 жылдың 20 қазанында Челябі облысының Кыштым қаласында  көп балалы (сегіз бала) теміржолшының отбасында (әкесі жолдарды тексеруші болып істеді)  дүниеге келген. 1939 жылы 16 жасында Кыштым РЭС жұмысқа орналасты. «Челябоэнерго» мекемесінде электр слесардың көмекшісі болды.

1941 жылы Совет Армиясына шақырылды.  Сол жылы  қаңтар айында  майданға  жеке шаңғы полкімен аттанды. 4-ші барлау ротасында қызмет етті. 1942 жылдың 11 сәуірінде  ауыр жарақат алды, Тула, Рязань, Саратов және соңғы рет Желалобод облысының Кокянчак (Қырғызстан) қалаларында емделді. 1942 жылдың тамыз айының соңында медкомиссияның тексеруінен кейін 3 топтағы мүгедектігімен (қатардағы қызметке жарамсыз) 6 айға үйге оралды. Мүгедектігіне байланысты жұмысқа алынған жоқ, ол уақытта жеңіл жұмыс деген болмайтын,  өзі бұрын жұмыс істеген мекемеге де жұмысқа орналаса алмады. Әскери комиссардың көмегімен Кыштым зауытына  от көсеуші, ұста цехына «аспапшы» болып жұмысқа тұрды. Бұл 1942 жылдың ақпан айында болған еді. Зауытта  тұрақжай және майданға жарамайтын бірнеше ескі көліктер, оған қоса денсаулығы жоқ екі жүргізуші бар болатын. Көліктермен жұмыс істеуге деген ынта жігерінің арқасында жүргізу куәлігі болмаса да  жүргізуші болып еңбек ете бастады.

1944 жылы оған  емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігі берілді. 1947 жылы   мехколоннаға тұрақжайдың барлық ұжымы берілді. Мен бұрынғы жұмыс орныма қайта оралып, «Челябоэнерго» РЭС жүргізуші болдым. Онда Т-7 «Амфибия» танкеткасы болды. 1948 жылы ЗИС-5 жаңа көлігін алдым, оны Миасск автозауытынан айдап әкелдім. Бұған қоса монтерші және монтерші-жүргізуші мамандықтарын игердім. 1951  жылы мені осы мамандық бойынша Верх Уфа қаласына ауыстырды. Онда 10 жыл жұмыс істедім. 1961  жылы Қостанай облысында жаңадан құрылып жатқан Сарыбай РЭС жұмыс істеуге шақырды, онда Нестеров Б.А. беген РЭС бастығы болатын, мұнда ЗИЛ-157 жұмыс істедім, кейде 4 топтағы желі қызметкері болып, кейбір жұмыстарды атқаруға жіберетін. Соңғы жылдары зейнеткерлікке шығар алдында Омск қаласына 500 кВ Омск-Петропавловск ЭЖЖ-ін салуға бардым. 1983 жылы зейнеткерлікке шықтым.

Энергетикадағы 45 жыл жұмысы үшін:

  1. «Х- бесжылдық  екпіндісі» белгісімен- 1980 ж.
  2. «КСРО энергетика және электрификация үздігі» белгісімен- 1985 ж.
  3. «ГОЭЛРО 50 жыл» Құрмет белгісімен.
  4. «Еңбек ардагері» медалімен- 1983 ж.
  5. Қаз ССРЭнергетика және электрификация министрінің Құрмет грамотасымен.
  6. «РЭУ Солтүстік электр желілері  кәсіпорнының еңбек ардагері» «Қостанайэнерго» 1976 ж.
  7. 1964 – 1971 жылдары «Коммунистік еңбек ері» атағын иеленді.
  8. «ТМД-ның еңбегі сіңген энергетигі»- 2005 жылы, сондай-ақ 15 - құрмет грамоталары, 11 - сыйақы, 8 – алғыс хаттар.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс