Біздің ардагерлеріміз

НҰРПЕИСОВ СОВЕТХАН СЕЙТҚАЛИҰЛЫ

1936 жылғы 20 шілдеде Семей облысы Жарма ауданындағы Георгиевка ауылында туған.
1960 жылдан бастап 1967 жылды қоса алғанда «Алтайэнерго» РЭУ Семей электр желілері басқармасының аудандық жоғары вольтты желілік 35-220 кВ қосалқы станциялар тобының жабдықтарын жөндеу цехының бастығы болып жұмыс істеді.

1967-1970 жж. аралығында «Алматыэнерго» РЭУ Алматы электр желілері басқармасында автоматика және телемеханика релелік қызметінің бастығы лауазымын, Қазақ ССР Энергетика және электрификация министрлігі Басэнерго электр желілерін  пайдалану жөніндегі басқарманың бас маманы лауазымдарын атқарды.

1970-1979 жж. аралығында КСРО Электротехөнеркәсіп министрлігіне қарасты Талдықорған қорғасын аккумуляторлар зауытының директоры, 1979 мен 1983 жж. аралығында – Талдықорған қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1983-1987 жж. аралығында – Целиноград облыстық партия комитетінің екінші хатшысы, 1987- 1989 жж. аралығында Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының хатшысы болды.

1989 ж. бастап Қазақ ССР Энергетика және электрификация министрінің орынбасары.

1995 ж. бастап – ҚазақстанныңЭнергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің ТМД Электр энергетикалық кеңесіндегі өкілі.

Қазіргі уақытта Қазақстан энергетиктері ардагерлері кеңесінің төрағасы болып табылады. Нұрпеисов С.С. екі (9-10) шақырылымдағы Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Еңбек Қызыл Ту орденімен, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен және көптеген медалдармен наградталды. ТМД-ның еңбегі сіңген энергетигі. Талдықорған қаласының құрметті азаматы (2006 ж.).

Еңбек майданына қатысушы Ұлы Отан соғысына қатысушысына теңестірілді.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс