Біздің ардагерлеріміз

ГЕНЕРАЛОВА АНАСТАСИЯ ИВАНОВНА

1923 жылғы 13 қазанда Петропавл қаласына жақын жердегі Соколов ауданы, Малая Малышка ауылында туған. 4 жасында ата-анасынан айырылып, Петропавл балалар үйіне түсті. 1942 жылға дейін Көкшетау балалар үйінде тәрбиеленді.

Балалар үйінде тәрбиленіп жүргенде (жазғы күндері балалар үйінде тәрбиеленушілерді ауыл шаруашылығы жұмыстарына жіберетін) 7 сынып оқушысы болды. Анастасия Ивановна 1943 жылдың наурыз айында Көкшетау қаласындағы № 621 әскери зауыт жанындағы ФЗО (фабрика-зауыттық оқуға) жіберіді.

Алты айлық курсты/тағылымдаманы бітіргеннен кейін Анастасия Ивановна тегістеуші ретінде жұмысқа кіріседі және 1946 жылдың қараша айына дейін № 621 зауытта жұмысты дербес атқарды. (№ 621 әскери зауыты Москва облысы Подольск қаласынан  көшірілген болатын).

«Ұлы Отан соғысы кезіндегі  ерен және қажырлы еңбегі үшін» медалімен наградталған (№ 139973).

Сол уақыттағы әскери зауыттың жұмыс кестесі:

08-00 – 24-00 – жарты ай (күндізгі ауысым)

20-00 – 08-00 – айдың екінші жартысы (түнгі ауысым)

1 демалыс күн – жаңа айдың 1-ші күні.

Түскі ас 13-00 – 14-00. 

Еңбек жолы

«Гидрожоба» институтының қазақ филиалы, 1964 жылдың 1 маусымы – техник лауазымына тағайындалды, «Энергожеліжоба» институтының қазақ филиалы, 1966 жылғы 22 шілдеде машинист лауазымына қабылданды, 1969 жылғы 27 қаңтарда – аға машинист лауазымына ауыстырылды, Қазақстанның энергия жүйелерінің біріккен диспетчерлік басқармасы, 1976 жылы 13 шілдеде – инженерлік жабдықтар мен ғимараттарды  пайдалану қызметінің  электр монтері лауазымына жұмысқа алынды, 1982 жылы 10 наурызда – зейнеткерлік демалысына шықты.

Наградалары мен жетістіктері

  • 1945 жылғы 6 маусым – «Ұлы Отан соғысы кезіндегі ерен және қажырлы еңбегі үшін» медалімен,
  • 1956 жылғы 20 қазан – «Тың жерлерді игергені үшін» медалімен,1975 жылғы 25 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 30 жыл» медалімен, 
  • 1980 жылғы 12 қыркүйекте – «Еңбек ардагері» медалімен, 
  • 1985 жылғы 12 сәуірде – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 40 жыл» медалімен, 
  • 1995 жылғы 21 наурызда – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 50 жыл» мерекелік медалімен наградталды, 
  • 1999 жылғы 8 қазанда «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 55 жыл» құрметіне 1941-1945 жж. Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. 
  • 2004 жылғы 14 қыркүйекте – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 60 жыл» медалімен (1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 60 жыл»). 
  • 2010 жылғы 19 наурызда – «1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 65 жыл» медалімен («1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңiске 65 жыл») наградталды.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс