Біздің ардагерлеріміз

ШАХМУРАТОВА САИДА МУЖИПОВНА

1943 жылғы мамырдан бастап 1944 жылғы қыркүйек аралығында  анасы Фатима Фазылжановамен бірге БҮКІЛОДАҚТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫ АКАДЕМИЯСЫ филиалының егіс даласында еңбек етті (әкесі 1940 жылы қайтыс болғаннан кейін анасы 4 баланы өзі тәрбиеледі). Мен және кіші інім анамызға қолдан келгенше көмектестік. Тәжірибелік егіс даларында көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірдік, жер қаздық, суардық, күзде өнімді жинадық. Күндіз-түні күркеде тұрдық, өйткені егіннің өсуін қадағалау қажет болды. Әрине, жұмыс ауыр болды, шаршадық, бірақ біз жас болсақ та жағдайды, соғыс жүріп жатқанын түсіндік. 

Еңбек жолы

1963 жылы 23 сәуірде – Қазақ ССР Энергетика және электрфикация министрлігі.Еңбек және жалақы бөліміне инженер болып қабылданды. 1970 жылғы 1 сәуірде – осы бөлімнің бас инженері болды.  1971 жылғы 16 желтоқсанда – БДО өндірісті жоспарлау жөніндегі аға инженер лауазымына ауыстырылды,1972 жылғы 1 қаңтарда –БДО аға экономика инженері. (1973 жылғы 1 шілдеде – КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 22.06.73 жарлығына сәйкес Қазақстан ОДБ КСРО Энерминистрлігі ЕЭС ОДБ бағыныстылығына берілді). 1988 жылғы 1 тамызда – қайта тарификациялауға байланысты – екінші санаттағы экономист. 1989 жылғы 1 ақпанда – 1 санаттағы экономист біліктілігі берілді. 1997 жылғы 15 желтоқсанда – зейнеткерлік демалысына шықты.

Наградалары мен жетістіктері

1985 жылғы 24 маусымда – «Еңбек ардагері» медалімен наградталды.

2010 жылғы 27 сәуірде – «1941-1945 жж. «1941-1945 жыл Ұлы Отан соғысындағы жеңiске 65 жыл» медалімен наградталды.

2012 жылғы 16 желтоқсанда – «Медеу Ауданының әлеуметтiк-экономикалык дамуына қосқан үлесi үшiн» Медеу ауданының 75-жылдык мерекелiк белгiсiмен мараппатталды.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс