Біздің ардагерлеріміз

CКРЕПАЛЕВ МИХАИЛ ВЛАДИМИРОВИЧ

Скрепалев Михаил Владимирович 1934 жылы Шығыс Қазақстан облысының «Горный пахарь» колхозындағы Березовка селосында көп балалы шаруа отбасында дүниеге келді. Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 7 жаста болатын. Осы жылы ол 1 сыныпқа оқуға барды. Әкесін Еңбек армиясына шақырды. Бір жылдан кейін анасы қайтыс болды. Осы уақыттан бастап ол үлкендерге шаруашылық жұмысын орындауға қолғабыс етті, оқудан бос уақытында сыныптастарымен бірге қолынан келетін жұмыстарды атқарды: астықты жинағаннан кейін қалған бидай сабақтарын жинады, үлкен ағасына колхоз малын бағуға көмектесті, жер қазуға немесе шөп жинауға қатысты. Механикаландыру мектебін бітіргеннен кейін автомобиль жүргізушісі мамандығын алды. 1959 жылы Совет Армиясындағы қызметінен кейін Павлодар облысына тың көтеруге аттанды. 1973 жылдан бастап Ермаков электр желілері кәсіпорнына жүргізуші болып орналасып, өз өмірін энергетика саласымен байланыстырды. 1980 жылы Екібастұз жоғары вольтты электр желілері кәсіпорнына (ЕЖВЭЖК) ауыстырылды. Осы жерден 1997 жылы лайықты зейнеткерлік демалысына шықты. Жұмыс істеген жылдары көп жылғы адал еңбегі үшін бірнеше рет Құрмет грамоталарымен, үздік белгілерімен және алғыстармен аталып өтті. 1984 жылы «Еңбек ардагері» медалі тапсырылды. Екі бала тәрбиелеп өсірді. Балалары оның еңбек жолын жалғастырып келеді. Үш немересі және екі шөбересі бар.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс