Біздің ардагерлеріміз

ТРОФИМОВ ПЕТР ЕГОРОВИЧ

1927 жылы 12 сәуірде Воронеж облысында, шаруа отбасында дүниеге келген. Ресейде 14 жасына дейін тұрды. Соғыс басталар алдында 1940 жылы Украинаға Кривой Рогқа көшті. Халыққа көп қайғы қасірет әкелген 1941 жылғы соғыс басталды. 1944 жылы совет армиясы қаланы жаудан азат етті. Немістер мен бендеровтар қиратқан шахталарды қалпына келтіруге қатысты. Краматорск, Днепропетровск, Запорожье және Кривой Рог қалаларында шахталарды қалпына келтірді. 1952 жылы техникумды бітірді және Қазақстанға, Шығыс Қазақстан облысына электр станцияға (Бұхтарма ГЭС-і) жұмысқа жіберілді. 1958 жылы партия жолдамасымен «КарМеткомбинатын» салуға  темір бетон зауытының механигі ретінде жіберілді. 1963 жылдан 1988 жылға дейін «КарЭнерго» мекемесінде жұмыс істеп, зейнеткерлік демалысына шыққанға дейін аға диспетчер болды. Жұмысынан басқа, станциялар мен қосалқы станциялардың кезекші инженерлерінің  біліктілігін арттыру үшін оқытушылыққа шақырылды. Жақсы жұмысы үшін бірнеше рет құрмет грамотасымен наградталды. ҰОС қатысушы ретінде мерекелік медальдары бар.



Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс