Отырыстар

2023 жылғы 31 қазанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

3. Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.

 

1. «Омбудсмен туралы, Ішкі аудит қызметі және «KEGOC» АҚ Комплаенс қызметі туралы ережелерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Директорлар кеңесі мыналарды бекіту туралы шешім қабылдады:

1) осы шешімнің қосымшасына сай Е KEGOC 00-331-18-ДК «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Омбудсмені туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар;

2) осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі туралы ережеге толықтырулар;

3) осы шешімнің қосымшасына сай Е KEGOC АҚ -218-23-ДК «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Комплаенс қызметі туралы ережеге толықтырулар.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс