Басқарма


«KEGOC» АҚ Басқармасының 2022 жылғы қызметі туралы есеп

2022 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының 34 отырысы өткізіліп, онда 194 мәселе қаралды.

Оның ішінде келесі мәселелер қаралды:

  • ІНҚ 37;
  • жоспардың орындалуы туралы әртүрлі есептер, жылдық қаржылық есептер, өндірістік қауіпсіздік және еңбекті қорғау жөніндегі есептер және т. б. 27;
  • жасалуында мүдделілік бар мәмілелер 4;
  • Тәуекелдер жөніндегі комитет 10;
  • Кадрлық саясат комитеті 29;
  • Директорлар кеңесі құзыретіндегі алдын ала қаралған мәселелер 75;
  • басқа да мәселелер 12.

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құзыретіне жататын және Басқарма алдын ала қараған мәселелерден басқа, Басқарма кейбір негізгі шешімдерді қабылдады:

  •  Компанияның 6 ішкі құжаты бекітілді және 29-ына өзгерістер енгізілді;
  • Тәуекелдер жөніндегі комитеттің 2023 жылға арналған Жұмыс жоспары бекітілді.

Алдын ала қарау, алқалы шешімдер қабылдау және жетекшілік ететін мәселелер бойынша «KEGOC» АҚ Басқармасына ұсынымдар дайындау мақсатында компанияда консультативтік-кеңесші органдар құрылды:

Инвестициялық комитет,

Тәуекелдер жөніндегі комитет,

Бюджет комитеті,

Кадрлық даму комитеті

Дебиторлармен және кредиторлармен жұмыс жөніндегі комитет,

Тауар-материалдық қорлармен жұмыс жөніндегі комитет.

Басқарма мүшелеріне сыйақы беру туралы

Жедел желі

Кері байланыс