Еңбекті қорғау

Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы саясат
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІНІҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ


Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің денсаулығын сақтау Компанияның сөзсіз басымдықтары болып табылады. Компанияда қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, технологиялық операцияларды орындау кезінде жарақаттануды азайту, қызметкерлердің өндірістік және санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ зиянды және қолайсыз факторлардың әсерін азайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіледі.

Компанияда Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жұмыс істейді және Компанияның барлық құрылымдық бөлімшелерінің және еншілес ұйымдарының қызметіне қолданылады. Оның мақсаты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нәтижелілікті қамтамасыз ету және көрсеткіштерін жақсарту, Компания қызметінің ерекшелігіне байланысты тәуекелдерді басқару болып табылады. Жыл сайын еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында қажетті іс-шараларды, шығындарды және оларды орындау мерзімдерін айқындайтын бағдарлама қалыптастырылады. Компания ISO 45001:2018 халықаралық стандартына сәйкестік сертификатын сәтті енгізді және өтті.

Жыл сайын жұмыс орындары ұшырайтын тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау жүргізіледі. Бағалау нәтижелері бойынша тәуекелдер тізілімі, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы елеулі тәуекелдердің тізбесі қалыптастырылады, тәуекелдерді азайту жөніндегі іс-шаралар әзірленеді.

Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау нәтижелері нысаналы және жоспарлы көрсеткіштерді әзірлеу үшін кіріс деректері болып табылады. Қауіптер мен тәуекелдерді бағалау және талдау географиялық жер бедері мен климатты ескере отырып, «KEGOC» АҚ қызметіне қолданылатын қызмет түрлерінің, қауіптердің жіктеуіштері негізінде жүзеге асырылады және мыналарды қамтиды:

  • жіктеуіштер негізінде қауіптер мен тәуекелдерді сәйкестендіру;
  • жергілікті жерде қолданыстағы басқару шараларымен тәуекелдерді бағалау;
  • тәуекелдерді басқару бойынша барлық қажетті қосымша шараларды анықтау;
  • тәуекелдерді басқару шаралары тәуекелді рұқсат етілген деңгейге дейін төмендету үшін жеткілікті ме бағалау.

Компания қызметі үшін негізгі тәуекелдердің бірі болып еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаның туындау қаупі табылады.

Осы тәуекелді барынша азайту мақсатында 2023 жылы келесі іс-шаралар өткізілді:

  • еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары білімін біліктілік тексерулері;
  • жедел ауыстырып қосу және жөндеу жұмыстарын жүргізу процесін бейнетіркеу материалдарын талдау;
  • Қауіпсіздік техникасы күндері;
  • ЖЭТ филиалдарындағы жұмыс орындарының кенеттен тексерістері;
  • жұмыс орнындағы жұмыстарды орындау кезіндегі Мінез-құлық қауіпсіздік аудиттері;
  • жерсеріктік бақылау жүйелері және бейнетіркегіштердің жазбаларын қарау және т.б. арқылы жүргізушілердің жылд амдық режимін сақтауын бақылау.

Жұмыскерлерге жұмысқа жіберер алдында жұмыстарды жүргізудің қауіпсіз әдістері оқытылады, жұмыс орнында тағылымдамада өткізіледі, біліміне бастапқы біліктілік тексеру жүргізіледі, бақылау жаттығулары өткізіледі, дайындыққа жауапты тұлғаның бақылауымен жұмыс орнында қайталанады.  Ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерді міндетті ауысым алдындағы медициналық тексеру, жүргізушілерді рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексеру жүргізіледі. Сондай-ақ, денсаулық жағдайын анықтау үшін өндірістік персоналды жыл сайынғы медициналық тексеру жүргізіледі.

«KEGOC» АҚ қызметкерлерінің қауіпсіз еңбек жағдайларын ұйымдастыру деңгейін бағалау үшін LTIFR коэффициенті қолданылады.

«KEGOC» АҚ объектілерінде мердігерлік ұйымдар жұмыс жүргізген кезде Компания олардың қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты болады. «KEGOC» АҚ-ның мердігер ұйымдармен жасалған шарттарына жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының және «KEGOC» АҚ-ның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ішкі құжаттарының талаптарын толық сақтау жөніндегі міндеттемелер енгізіледі. Жұмыс басталар алдында мердігерлік ұйымдардың өкілдерімен нұсқамалық кеңестер өткізіледі. Жұмысқа жіберу жұмыс орнында жүргізіледі. Мердігерлік ұйымдардың барлық қызметкерлері үшін жұмыс орнына жіберілмес бұрын нұсқаулар өткізіледі. Күнделікті рұқсат беру кезінде мақсатты нұсқама жүргізіледі. Онда қауіпсіздік шаралары, Компания объектілерінде бар қауіпті және зиянды өндірістік факторлар көрсетіледі. «KEGOC» АҚ Компанияның өндірістік объектілерінде жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету кезінде мердігер ұйымдар персоналының Қазақстан Республикасы құқықтық актілерінің және «KEGOC» АҚ ішкі құжаттарының талаптарын сақтауы бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады және мердігер ұйымдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы қызметіне бағалау жүргізеді. Компания объектілерінде жұмыс істеген мердігер ұйымдардың барлық қызметкерлері (100%) «KEGOC»АҚ Денсаулық сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесінде қарастырылған.   

                        

Көрсеткіш

2019

2020

2021

2022

2023 

Ауыр жарақаттардың саны (өлімді санамағанда)

0

0

0

2

Өлім саны

0

0

0

1

LTIFR

0,15

0

0

0,45

0,15 

Мердігерлер арасындағы өлім саны

0

0

0

1

 

 



Жедел желі

Кері байланыс