Директорлар кеңесіне сыйақы беру туралы

Қоғам Қазақстан Республикасының заңнамасына, «KEGOC» АҚ Жарғысына, «KEGOC» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес барлық мүдделі тұлғалар үшін Директорлар кеңесінің мүшелеріне берілетін сыйақылардың мөлшері туралы мәліметті ашып көрсетеді. 

«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2017 жылғы 12 мамырдағы шешімі (№ 6 хаттама) бойынша «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы төлеу және шығыстарын өтеп беру шарттары мен мөлшері белгіленді. 

Сыйақы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «KEGOC» АҚ Жарғысына сәйкес тәуелсіз ретінде анықталған «KEGOC» АҚ директорларына төленеді.

«KEGOC» АҚ Директорлар Кеңесі құрамын қалыптастыру, «KEGOC» АҚ Директорлар Кеңесі мүшелеріне сыйақы төлеу және шығындарын өтеуді белгілеу қағидасы

Жедел желі

Кері байланыс