Ішкі аудит қызметі

Қызмет Қоғамның ішкі аудитті ұйымдастыруды және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, Директорлар кеңесіне ұйымдық бағынысты және функционалдық есеп беретін органы болып табылады.
Қызмет жұмысын бағыттауды Аудит жөніндегі комитет Аудит жөніндегі комитеттің қызметін реттейтін ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.

Қызмет Қоғамның атқарушы органына әкімшілік жағынан бағынады. Әкімшілік бағыныстылыққа: атқарушы органның қызметтің басшысы мен жұмыскерлерінің тиісті еңбек жағдайларын, еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуін, Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер, қызметтің қызметіне қатысты тиісті өкімдер негізінде шығаруды; қызмет есептерін алуды ; еңбек тәртібінің сақталуын бақылауды көздейді; іссапарларға, демалыстарға бұйрықтарды ресімдеу, сондай-ақ осы Ережеге және қоғамның басқа да нормативтік құжаттарына сәйкес қызмет мәртебесіне қайшы келмейтін өзге де іс-әрекеттер кіреді. Атқарушы орган қызметтің тәуелсіздігі мен объективтілігіне ықпал ету үшін әкімшілік бағыныстылықты пайдаланбауы тиіс.

Қызметтің миссиясы тәуекелге бағытталған тәсіл, ұсынымдар беру және білім алмасу негізінде объективті ішкі аудиторлық тексерулер жүргізу арқылы Қоғамның құнын сақтау және арттыру болып табылады.

Қызмет қызметінің негізгі мақсаты Қоғам жұмысын жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және объективті кепілдіктер мен консультациялар беру, сондай-ақ тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару процестерінің тиімділігін бағалау мен арттыруға жүйелі және дәйекті тәсілді пайдалана отырып, Қоғамның қойылған мақсаттарға қол жеткізуіне көмек көрсету болып табылады.

Қызмет көрсету персоналы 8 адамдан тұрады. «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметінің басшысы - Есетов Өміржан Өмірбекұлы.

Электрондық пошта: esetov@kegoc.kz

Пошта мекенжайы: Z00T2D0, Астана қ., Тәуелсіздік даңғылы, 59, «KEGOC» АҚ ІАҚ басшысы.

«KEGOC» АҚ ІАҚ еңбеккерлерінің карьерасын дамыту жөніндегі басшылық (04.04.2014)
«KEGOC» АҚ ішкі аудитті ұйымдастыру қағидасы 24.08.2018
Ішкі аудит қызметі туралы ереже (31.10.2023)
«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитеті туралы ереже
«KEGOC» АҚ ІАҚ кепілдігі және сапасын арттыру бағдарламасы (26.04.2021)

Жедел желі

Кері байланыс