Әлеуметтік қолдау

Компанияның қызметкерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қызметі мынадай ішкі құжаттармен реттеледі:

  • Ұжымдық шарт;
  • «KEGOC» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Кадрлық саясаты;
  •  Қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету ережелері;
  •  Қызметкерлердің еңбегін ынталандыру және сыйақы туралы ереже.

Жоғарыда аталған саясаттар компанияның барлық қызметкерлеріне, соның ішінде уақытша қабылданған қызметкерлерге және толық емес жұмыс уақытында жұмыс істейтіндерге қолданылады.

Көрсетілген құжаттарға сәйкес «КЕGO» АҚ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдаудың мынадай түрлерін көрсету көзделеді:

1) материалдық көмек;

2) өтемақы төлемдері;

3) тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдемдесу.

«КЕGOC» АҚ тиімді жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, адалдықты арттыру мақсатында Компания қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді: жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын беру кезінде сауықтыру үшін материалдық көмек, мерейтойлық күнге, баланың туылуына байланысты, «KEGOC» АҚ-да есепте тұрған қызметкердің, қызметкердің отбасы мүшелерінің және зейнеткердің қайтыс болуына байланысты, мүгедек қызметкердің және олардың мүгедек балалардың, мүгедектік тобына және жасына қарамастан, балалық шақтағы мүгедектерге медициналық емделуіне ақы төлеу.

Сондай-ақ, «KEGOC» АҚ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты, табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем сомасын шегергендегі орташа жалақысын сақтай отырып, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерлерге, жүктілікке және босануға байланысты демалысын Қазақстан Республикасының Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасымен сәйкес төлейді.

2022 жылы Компания келесі жағдайларда жалақысын сақтай отырып, әлеуметтік демалыстар бере бастады: некені тіркеу, баланың тууы, жақын туыстарын жерлеу, мерейтойға байланысты ( 50, 60 жас); бір бала тәрбиелеп отырған ата – аналарға және 6 жастан 9 жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған қамқоршыларға-оқу жылының басталуының бірінші күні, бітіруші сынып оқушылардың ата-аналарына -1 (бір) күн, мектеп «соңғы қоңырау» өткізілетін күні. Сондай-ақ профилактикалық егулер жүргізу үшін демалыс күндері және орташа жалақысы сақтала отырып, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалары бар ата-аналарға беріледі.

 Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компания бала үш жасқа толғанға дейін оның күтімі жөніндегі қызметкерге жалақысы сақталмайтын демалыс береді: ата – анасының таңдауы бойынша-анасына не баланың әкесіне; баланы жалғыз тәрбиелегенге; ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы іс жүзінде тәрбиелеп отырған басқа туысына не қамқоршысына; жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге. Қызметкер үш жасқа толғанға дейін бала күтімі бойынша демалысты толығымен немесе бөліктерге бөле алады. Демалыс уақытында қызметкердің жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Бала үш жасқа толғанға дейін демалыс аяқталғанға дейін жұмысқа шыққан жағдайда қызметкер жұмыс берушіге жұмыс басталғанға дейін бір ай бұрын өзінің ниеті туралы ескертеді. Сонымен, 2022 жылы мұндай демалыс компанияның 73 қызметкеріне (1 ер адам және 72 әйел) берілді. 2022 жылы бала күтімі бойынша демалыстан 29 әйел оралды.

2022 жылы Компания 127,7 млн теңге сомасына тұрғын үйге ақы төлеу бойынша шығыстарды ішінара өтеу жолымен 117 қызметкерге тұрғын үй мәселелерін шешуге жәрдем көрсетті. Сондай-ақ, 2022 жылы «KEGOC» АҚ Басқармасының шешімімен компания үшін талап етілетін жоғары білікті кадрларды ұстап қалу және тарту мақсатында қызметкерлерді әлеуметтік қолдауға бағытталған «KEGOC» АҚ жеңілдетілген кредиттеу бағдарламасы бекітілді. Бүгінгі таңда «KEGOC» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдау жөніндегі комиссия «KEGOC» АҚ қызметкерлерінің жеңілдетілген ипотекалық қарыз алуға 157 өтінімін қарады, оның ішінде 45 қызметкер қажетті құжаттарды жинау, тиісті тұрғын үй іздеу және ипотекалық қарыздарды ресімдеу бойынша жұмыс жүргізуде. Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, мақұлданбаған қызметкерлердің өтінімдерін Комиссия қаржы ресурстары босаған кезде қарайтын болады.

Кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында «KEGOC» АҚ қызметкерлерге екінші жоғары білім, магистратура, докторантура және т.б. сияқты ұзақ мерзімді оқыту бағдарламалары бойынша компания есебінен оқуға мүмкіндік береді.

Зейнеткерлік жастағы қызметкерлерге зейнеткерлікке шыққан кезде өтемақы төленеді, сондай – ақ жыл сайын «Энергетик күні» кәсіби мерекесіне орай компанияның есебінде тұрған зейнеткерлерге, Жеңіс күніне біржолғы - ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға материалдық көмек көрсетіледі.

Осылайша, 2022 жылы Компания қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға бағытталған қаражат көлемі 332,7 млн теңгеден асты.

2022 жылы Компания қызметкерлеріне жалақыны, әлеуметтік қолдауды, оқытуды және т.б. қоса алғанда, жалпы шығыстар 31,8 млн. теңгені құрады (2019 жылы – 23,2 млн. теңге, 2020 жылы – 25,2 млн. теңге, 2021 жылы – 26,2 млн. теңге).

Жедел желі

Кері байланыс