Отырыстар

2023 жылғы 21 желтоқсанда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

3. Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 21 желтоқсандағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

 

1. 2024 жылға тәуекел аймағын айқындау туралы.

Осы шешімнің қосымшасына сай Директорлар кеңесі 2024 жылы KEGOC» АҚ-ны жасыл тәуекел аймағына айқындауды мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2. Е KEGOC 00-331-18-ДК «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Омбудсмені туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Осы шешімнің қосымшасына сай Директорлар кеңесі Е KEGOC 00-331-18- ДК «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Омбудсмені туралы ережеге өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы шешім қабылдады

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс