Отырыстар

2020 жылғы 19 мамырда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдаланып (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысты: 

1. Сәтқалиев Алмасадам Майданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

3. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4. Доминик Фаш - Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» ЖШҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

5. Януш Биалек - Ньюкасл университетінің (Ұлыбритания) және «Сколтех» Сколков ғылым және технологиялар институтының профессоры (Ресей), тәуелсіз директор.

6. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы - тәуелсіз директор.

7. Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы - «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 мамырдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 4 (төрт) мәселе қаралды. Мына мәселелер бойынша ақпарат жіберіп отырмыз.

1.«KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалуы туралы 2019 жылғы есепті қарау туралы. 

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясының орындалуы туралы 2019 жылғы есепті ескеру туралы шешім қабылдады. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. Ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі 2020 жылғы 1 тоқсан бойынша есепті қарау туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1.Ірі инвестициялық бағдарламаларды іске асыру жөніндегі 2020 жылғы 1 тоқсан бойынша есеп назарға алынсын. 

2.«KEGOC» АҚ Басқармасы инвестициялық бағдарламаны уақтылы орындау және мемлекеттік уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты күшейтсін. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымға қатысты ұсыныстар беру және қаржы есептілігінің аудиті үшін аудиторлық ұйымның қызметіне ақы төлеу мөлшерін белгілеу туралы. 

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады: 

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына 2020 жылы «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйым ретінде «Эрнст энд Янг» ЖШС-ны бекіту ұсынылсын.

2.Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген аудиторлық ұйымның 2020 жылы «KEGOC» АҚ аудитін жүргізу қызметіне төленетін ақы ҚҚС-ны есепке алмағанда 45 000 000 (қырық бес миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін. 

3.«KEGOC» АҚ Басқармасы 2021 жылы және одан кейінгі жылдары «KEGOC» АҚ аудитін жүзеге асырушы аудиторлық ұйымды таңдау бойынша конкурсқа конкурстық рәсімдер қатысушыларының кең ауқымының қатысуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.Сырттай дауыс беру арқылы «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын шақыру туралы.

Советом директоров приняты следующие решения:

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 2020 жылғы 26 маусымда шақырылсын. 

2.Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну басталатын күн 2020 жылғы 22 маусымға белгіленсін. 

3.Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну аяқталатын соңғы күн 2020 жылғы 25 маусымға белгіленсін.

4. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні 2020 жылғы 26 маусымға белгіленсін.

5.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы отырысының күн тәртібіне KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кейбір мәселелері туралы» мәселе енгізілсін. 

6. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Б.Т.Қажиев) осы шешімге қатысты тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс