Отырыстар

2020 жылғы 18 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып, қатысқандар (бейнеконференция сеансы режимінде):

1.Сәтқалиев Алмасадам Маиданұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының басшысы – басқарушы директор.

2.Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3.Егімбаева Жанна Дачерқызы - «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

4.Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.Доминик Фаш - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Технопарк София Антиполис Директорлар кеңесінің мүшесі, «РТФ» АҚБ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

7.Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 18 қыркүйектегі отырысында 4 (төрт) мәселе қаралды, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі 2016 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес мына мәселелер бойынша ақпараттар жібереміз. 

1.«KEGOC» АҚ  2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы аралық қаржылық есептемесін алдын ала бекіту, таза кірісті бөлу туралы ұсыныстар және 2020 жылғы бірінші жарты жылдық үшін «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшері  туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.KEGOC» АҚ  2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ  2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2020 жылғы бірінші жарты жылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселені енгізілсін.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 20 043 292 844,90 теңге (жиырма миллиард қырық үш миллион екі жүз тоқсан екі мың сегіз жүз қырық төрт теңге 90 тиын) мөлшеріндегі 2020 жылғы бірінші жартыжылдықтағы таза кірістің 70,0035755503852% «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларын ұстаушылардың барлығына бөлінсін, бұл бір акцияға есептегенде 77,09 теңгені (жетпіс жеті теңге 09 тиын) құрайды.

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімді іске асыру бойынша тиісті шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.«KEGOC» АҚ Есепке алу саясатын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Есепке алу саясаты бекітілсін.

2.«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылғы 25 наурыздағы шешімімен (№ 3 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Есепке алу саясатының күші жойылды деп есептелсін.

3.Осы шешімнің 1 және 2-тармақтарының әрекеті 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қарым-қатынастарға қолданылсын.

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын аралас дауыс беру арқылы шақыру туралы. 

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы аралас дауыс беруді қолдана отырып, Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2020 жылғы «23» қазанда 11 сағат 30 минутта шақырылсын.

2.Кворум болмаған жағдайда «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс қайталама жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) 2020 жылғы «26» қазанда 11 сағат 30 минутта осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленсін.

3.«KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне мына мәселелер енгізілсін:

1)«KEGOC» АҚ 2020 жылғы 30 маусымдағы жай-күй бойынша және сол күні аяқталған алты айдағы жарты жылдық қаржылық есептемесін, таза кірісті бөлу тәртібін бекіту, 2020 жылғы бірінші жарты жылдық үшін жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы;

2)«KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы».

4.«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қажиев Б.Т.) осы шешімнен туындайтын шараларды қабылдасын. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4.«KEGOC» АҚ Омбудсмені Р.А. Рахимовтың 2018 жылғы 15 қарашадан бастап 2020 жылғы 15 қыркүйекті қоса алғандағы жұмыс кезеңі ішіндегі қызметі туралы есебін қарау, сонымен қатар «KEGOC» АҚ Омбудсменінің өкілеттігі мерзімі мен қызметақысы мөлшерін белгілеу туралы.

Директорлар кеңесі мына шешімдерді қабылдады:

1.«KEGOC» АҚ Омбудсмені Р.А. Рахимовтың 2018 жылғы 15 қарашадан бастап 2020 жылғы 15 қыркүйекті қоса алғандағы жұмыс кезеңі ішіндегі қызметі туралы есебі назарға алынсын.

2. Рахимов Ришат Ахметович «KEGOC» АҚ Омбудсмені 2020 жылғы 15 қарашадан бастап 2022 жылғы 14 қарашаны қоса алғандағы өкілеттік мерзімімен тағайындалсын.

3.«KEGOC» АҚ Омбудсмені Р.А. Рахимовтың қызметақысы белгіленген грейдке және  «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2020 жылғы 19 маусымдағы шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген Корпоративтік хатшының, Комплаенс-офицердің, Омбудсменнің және «KEGOC» АҚ Ішкі аудит қызметі қызметкерлерінің қызметақыларының схемасына сәйкес 564 600 (бес жүз алпыс төрт мың алты жүз) теңге болып белгіленсін. 

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс