Отырыстар

2023 жылғы 31 мамырда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Аға тәуелсіз директор.

2. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

5. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің төрағасы Е. К. Бердіғұлов іссапарда болуына байланысты отырыста жоқ.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 31 мамырдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 5 (бес) мәселе қаралды.

 

1. «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған кезең бойынша аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы 31 наурызда аяқталған кезең бойынша аралық қаржылық есептемесін мақұлдау туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының негізгі параметрлерін бекіту және «Айқындау» және «Іске асыру» сатыларына көшу туралы шешім қабылдау туралы.

            Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «Қазақстан БЭЖ Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасының негізгі параметрлері «Мемсараптама» РМК-ның жоба ТЭН-іне берген қорытындысына сәйкес бекітілсін.

2. ЕРС келісімшартын («аяқталған құрылыс» келісімшарты) жасай отырып, «Айқындау» және «Іске асыру» сатыларына көшу бекітілсін.

3. Осы шешімнің 1, 2-тармақтары «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық-стратегиялық комитетінің оң қорытындысын алғаннан кейін күшіне енеді.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

3.   Ірі инвестициялық жобаларын іске асыру жөніндегі 2023 жылғы 1-тоқсандағы есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі «KEGOC» АҚ ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы 2023 жылғы 1-тоқсандағы есепті назарға алу туралы шешім қабылдады.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

4.   «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының мінез-құлық (іскери этика) кодексін жаңа редакцияда бекіту туралы».

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының мінез-құлық (іскери этика) кодексі жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 30 қарашадағы шешімімен бекітілген «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының мінез-құлық (іскери этика) кодексінің (№12 хаттама) күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

5.   «KEGOC» АҚ міндеттемелерін оның меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) және одан да көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Кредиторлармен (Азия Даму Банкі, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ) 108 млрд теңгеге дейінгі негізгі борышты, сондай-ақ Қарыз туралы келісімге сәйкес «KEGOC» АҚ-ға төленуі тиіс пайыздар мен өзге де төлемдерді қамтитын сомаға Қарыз туралы келісімді (кредиттік келісімді) жасау арқылы «KEGOC» АҚ міндеттемелерін өзінің меншікті капиталы мөлшерінің 10 (он) және одан да көп пайызын құрайтын шамаға ұлғайту келесі талаптармен бекітілсін:

1) қарыз мерзімі-15 жыл;

2) қарыз қаражатының сомасы 108 (жүз сегіз) млрд. теңгеге дейін;

3) пайыздық мөлшерлеме - TONIA + жылдық 3% (Азия Даму Банкі), «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (жылдық 9% - дан бастап).

2. Осы шешімнің 1-тармағы «Самұрық-Қазына»АҚ Инвестициялық-стратегиялық комитетінің оң қорытындысын алғаннан кейін күшіне енеді.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т.Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс