Отырыстар

2023 жылғы 30 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

2. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3. Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

5. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің төрағасы Е. К. Бердіғұлов іссапарда болуына байланысты отырысқа қатыспады.

 

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 30 маусымдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.

 

1. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid OperatingCompany) «KEGOC» акционерлік қоғамының Комплаенс қызметі туралы ережені жаңа редакцияда бекіту туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Комплаенс қызметі туралы ереже жаңа редакцияда бекітілсін.

2. Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 15 желтоқсандағы шешімімен (№12 хаттама) бекітілген «Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) «KEGOC» акционерлік қоғамының Комплаенс қызметі туралы ереженің күші жойылды деп танылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

2.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2023 жылғы «31» шілдеге 11 сағат 30 минутқа күндізгі дауыс беру нысанында шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы қайтадан өткізілетін күн («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2023 жылғы «1» тамызға 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне «KEGOC» АҚ кейбір мәселелері туралы» мәселе енгізілсін.

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2023 жылғы 5 шілде болып белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ. Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс