Отырыстар

2023 жылғы 15 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өтті

Ұсынылған бюллетеньдерге сәйкес Директорлар кеңесі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша мынадай шешімдер қабылдады.

 «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыздағы сырттай       отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды.   

1. «KEGOC»АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы мәселені алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы» мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59-ғимарат мекенжайы бойынша 2023 жылғы «15» қыркүйекте 11 сағат 30 минутта күндізгі дауыс беру нысанында өткізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) өткізілетін уақыты осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2023 жылғы «16» қыркүйектегі 11 сағат 30 минутқа белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне «KEGOC» АҚ жарияланған акцияларының санын арттыру туралы» мәселе енгізілсін.

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2023 жылғы 23 тамызға белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс