Отырыстар

2023 жылғы 25 тамызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысты:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

3.   Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Сүентаев Дамир Серкбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 25 тамыздағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 8 (сегіз) мәселе қаралды. 

1. «KEGOC» АҚ 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептемесін алдын ала бекіту туралы, «KEGOC» АҚ таза кірісін бөлу тәртібі және 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы ұсыныс туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы                   30 маусымда аяқталған алты айдағы аралық қаржылық есептемесі алдын ала бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына «KEGOC «АҚ-ның 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептілігін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы» мәселе шығарылсын.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына 2023 жылғы бірінші жартыжылдығындағы 20 212 291 941,40 теңге (жиырма миллиард екі жүз он екі миллион екі жүз тоқсан бір мың тоғыз жүз қырық бір) теңге 40 тиын мөлшеріндегі таза табыстың 87,8132578960626%-ы «KEGOC» АҚ жай акцияларының барлық ұстаушыларына бөлу ұсынылсын, бұл бір жай акцияға есептегенде 77,74 теңге (жетпіс жеті теңге) 74 тиынды құрайды.

4. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына ұсынылсын:

- «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2023 жылғы бірінші жартыжылдықта дивидендтер алуға құқығы бар «KEGOC» АҚ акционерлерінің тізімі 2023 жылғы 10 қазанда 00 сағат 00 минутта бекітілсін;

- «KEGOC» АҚ жай акциялары бойынша 2023 жылғы бірінші жартыжылдық бойынша дивиденд төлеудің басталу күні 2023 жылғы 16 қазанға белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2. «KEGOC» АҚ жай акцияларының листингі үшін проспектіде белгіленген «KEGOC» АҚ жай акцияларына қол қою шарттары мен тәртібін бекіту және Astana International Exchange сауда-саттығына рұқсат беру туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай ұсыныс беру, листинг және Astana International Exchange (бұдан әрі – «AIX Prospectus») сауда-саттыққа рұқсат беру үшін «KEGOC» АҚ жай акцияларын шығару проспектісінде белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылатын жеке тұлғалардың өтінімдерін басымдық бере отырып қанағаттандырып, «KEGOC» АҚ жай акцияларына жазылу жүргізудің шарттары мен тәртібі бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімінен кейін осы шешіммен бекітілген Astana International Exchange және «Қазақстан қор биржасы» АҚ қор биржаларында «KEGOC» АҚ жай акцияларына жазылу шарттары және тәртібі өзгерген жағдайда «KEGOC» АҚ Басқармасы «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің бекітуіне өзгертілген жазылу шарттарын және тәртібін шығарсын және AIX Prospectus-ке тиісті өзгерістер енгізсін.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

3. «KEGOC» АҚ жай акцияларының жарияланған саны шегінде орналастыру туралы мәселені алдын ала қарау туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ акцияларын орналастырудың түпкілікті шарттары (акцияларды орналастырудың бағасы, саны, құрылымы туралы) туралы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесі кейіннен шешім қабылдай отырып және осы шешімді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіте отырып, төменде көрсетілген базалық шарттарда «KEGOC» АҚ жай акцияларының жарияланған саны шегінде орналастыруды жүзеге асыру туралы мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына шығарылсын:

1) Акционерлердің жалпы жиналысы «KEGOC» АҚ жарияланған акциялар санын ұлғайту туралы тиісті шешім қабылдаған жағдайда, «KEGOC» АҚ-ның жай акцияларының саны 15 294 118 данадан аспайтын мөлшерде, бірақ кез келген жағдайда «KEGOC» АҚ акцияларының жарияланған саны шегінде;

2) «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) және «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасы (AIX) алаңдарында жазылу тәсілімен;

3) «KEGOC» АҚ-ның 1 (бір) жай акциясы үшін өтінімдер жинау үшін Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен келісілген баға бойынша.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

4. «KEGOC» АҚ Дивидендтік саясатына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Дивидендтік саясаты туралы ережеге өзгерістерді бекіту туралы» мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

5. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының қарауына «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәселені шығару туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сай «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер енгізу туралы» мәселе мақұлдансын және «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының қарауына шығарылсын.

2. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімді іске асыруға байланысты қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы күндізгі дауыс беру нысанында Астана қаласы, Алматы ауданы, Тәуелсіздік даңғылы, 59- ғимарат мекенжайы бойынша 2023 жылғы 26 қыркүйек сағат 11:30-да шақырылсын.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің қайталама кезектен тыс жалпы жиналысының күні («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының бірінші отырысында кворум болмаған жағдайда) осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша 2023 жылғы 27 қыркүйек 11 сағат 30 минутта белгіленсін.

3. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілсін:

- «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы 30 маусымда аяқталған алты айдағы қаржылық есептемесін, таза табысты бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және 2023 жылғы бірінші жартыжылдықтағы «KEGOC» АҚ-ның бір жай акциясына есептегенде дивиденд мөлшерін бекіту туралы»;

- «KEGOC» АҚ Дивидендтік саясат туралы ережеге өзгерістер енгізу туралы»;

- «KEGOC» АҚ жай акцияларының жарияланған саны шегінде орналастыру туралы»;

- «KEGOC» АҚ Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды бекіту туралы».

4. Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күні 2023 жылғы 1 қыркүйекте белгіленсін.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

7. Ірі инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша 2023 жылғы                  2-тоқсандағы есепті назарға алу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады: 

1. «KEGOC» АҚ-ның 2023 жылғы 2-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларын іске асыру туралы есеп назарға алынсын.

2. Басқармаға (Н.Е. Айтжанов) ұрлық фактілерін тексеру және алдын алу жөніндегі жұмысты күшейтуді, сондай-ақ тұтастай алғанда «KEGOC» АҚ-ның барлық инвестициялық жобаларын уақтылы және толық іске асыру бойынша түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

8. «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1. Өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын:

1) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитетінің төрағасы, Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі Ульф Вокурканың;

2) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшесі Алексей Юрьевич Репиннің;

3) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз) Ренатолла Еділұлы Еділдің.

2. Сайлансын:

1) Қаныш Тәңірбергенұлы Молдабаев «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитетінің төрағасы;

2) Марат Тұрғанбекұлы Дұлқайыров «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Стратегия, корпоративтік және тұрақты даму жөніндегі комитетінің мүшесі және Аудит жөніндегі комитетінің мүшесі;

3) Мақсат Мырзатай «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Аудит жөніндегі комитетінің сарапшысы (дауыс беру құқығынсыз).

«ЖАҚ» - бес;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс