Отырыстар

2023 жылғы 29 қыркүйекте «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1. Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

 2. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, аға тәуелсіз директор.

3. Дұлқайыров Марат Тұрғанбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4. Сүентаев Дамир Серікбайұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

6. Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7. Айтжанов Нәби Еркінұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 29 қыркүйектегі отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген, «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 2 (екі) мәселе қаралды. 

1. Е KEGOC 00-205-17-ДК «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Е KEGOC 00-205-17-ДК «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

2. «KEGOC» АҚ Адами ресурстарды басқару жөніндегі департаментке Директорлар кеңесіне есеп беретін Қызметтерді Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі және Омбудсмен туралы ережелерді «Самұрық-Қазына» АҚ тобының адами ресурстарды басқару жөніндегі корпоративтік стандартына және «KEGOC» АҚ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес келтіру қажеттігі туралы хабардар ету тапсырылсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

2.   «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және тағайындау, оның өкілеттік мерзімін және лауазымдық қызметақысының мөлшерін айқындау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы Ертай Бауыржанұлы Рамазановтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылсын.

2. Олжас Жанатұлы Имятов 2023 жылғы 4 қазаннан бастап «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы болып тағайындалсын және оның өкілеттік мерзімі Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін (2024 жылғы 27 сәуірге дейін) айқындалсын.

3. О. Ж. Имятов 2024 жылғы 1 сәуірге дейін корпоративтік хатшыларға арналған бағдарламадан өткені туралы сертификат алсын.

4. О.Ж. Имятовтың лауазымдық қызметақысы осы шешімнің қосымшасына сай Ішкі аудит қызметі, Комплаенс қызметі, Омбудсмен, «KEGOC» АҚ Корпоративтік хатшысы қызметкерлерінің лауазымдық қызметақысы схемасының тиісті грейді бойынша ең төменгі мөлшерден 10% - ға асатын мөлшерде айқындалсын.

5. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Н.Е. Айтжанов) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.

 

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс