«KEGOC» АҚ-да біріктірілген менеджмент жүйесі (БМЖ) енгізілді және жұмыс істейді. БМЖ барлық кезеңдерде қызмет көрсетудің тұрақты сапасына, табиғи ортаны сақтауға, табиғатты ұтымды пайдалануға және өнеркәсіптік, экологиялық қауіпсіздік пен еңбекті қорғауды, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кепілдік беру үшін қажет.
«KEGOC» АҚ-да БМЖ-ның қолданылу саласы жүйелік оператордың электр энергетикасы саласындағы функцияларын орындау болып табылады: электр энергиясының көтерме сауда нарығы субъектілеріне ұлттық электр торабы арқылы электр энергиясын жеткізу, техникалық диспетчерлендіру және электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша жүйелік қызмет көрсету.
«KEGOC» АҚ электр энергиясын жеткізуді, теңгерімдеуді және техникалық диспетчерлендіруді қамтамасыз ету бөлігінде сапалы жүйелік қызмет көрсету арқылы барлық мүдделі тараптар үшін құндылықты тұрақты арттыруды, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық, жобалар мен бастамалар портфелін айқындау, озық таза технологияларды енгізу және цифрландыру жөніндегі жобаларды қоса алғанда, ірі инвестициялық және рентабельді жобаларды іске асыру жолымен таза активтердің құнын арттыруды, меншікті көміртегі ізін азайтуды және ESG принциптерін ескере отырып, корпоративтік басқаруды жетілдіруді көздейді.
Қазіргі уақытта «KEGOC» АҚ БМЖ келесі талаптарға сәйкес келеді