Ауаға әсері

«KEGOC» АҚ өз қызметінің атмосфералық ауаға әсерін барынша азайту бағытында белсенді жұмыс жүргізуде.

Компания көбінесе атмосфералы қ ауаға тікелей шығарындылармен байланысты емес жабды қтар мен технологияларды қолданады, өйткені «KEGOC» АҚ-ның негізгі қызметі — жоғары кернеулі электр желілері ар қылы электр энергиясын беру.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның шешіміне сәйкес, ЖЭТ-тің барлық филиалдары эмиссия нормативтері белгіленбейтін IV санаттағы объектілерге жатқызылады.

Ластаушы заттардың шығарындылары, тонн 

2023

2024   

Азат оксидтері (NOx)

0,405670

0,376 

Күкірт диоксиді (SОx)   

0,059297 

0,051 

Қатты бөлшектер (PM)

0,252290

0,277 

Көміртек оксиді (СО)

0,290421 

0,243 

Ұшпа органикалық қосылыстар      

0,179161

0,146 


2024 жылы көлік құралдарының техникалық жай-күйін басқаруға жүйелі көзқарастың арқасында атмосфера - лық ауаға шығарындылардың төмендеуіне қол жет - кізілді.

Компания өз қызметінде климаттың өзгеруіне әсер ететін озонды бұзатын заттардың шығарындыларын жүзеге асырмайды.

Климаттық стратегия және төменкөміртекті даму

Климаттың өзгеруі және төмен көміртекті экономикаға көшу қажеттілігі қазіргі заманның басты сын-қатерлерінің бірі болып табылады. «KEGOC» АҚ бұл сын-қатерлерді өз қызметінің барлық аспектілерінде шешеді, климаттық шараларды стратегиялық және операциялық басқаруға жүйелі түрде енгізеді. Климатқа қатысты мәселелер корпоративтік басқаруда орталық орын алады және директорлар кеңесі мен оның комитеттерін қоса, барлық деңгейлерде көрініс табады.

Компанияның климаттық әрекеттерінің негізін Париж келісіміне, 2060 жылға дейін Қазақстан Республикасының көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясына, TCFD ұсынымдарына, GHG Protocol талаптарына, сондай-ақ IPCC климаттық стратегиялары мен IEA энергетикалық сценарийлеріне сәйкес әзірленген бағдарламалар құрайды:

  • «KEGOC АҚ Климаттық бағдарламасы 2025–2060 жж.»
  • «KEGOC АҚ Төменкөміртекті даму бағдарламасы 2031 жылға дейін және 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу көзқарасы»

Төменкөміртекті дамуға көшу келесі шараларды қамтиды:

  • іштен жану қозғалтқышы бар автокөліктерді кезең-кезеңімен электр көліктеріне ауыстыру (Scope 1);
  • сатып алынатын «жасыл» электр энергиясының үлесін ұлғайту (Scope 2);
  • цифрлық шешімдерді (Smart Grid) дамыту, энергия аудитін жүргізу, жабдықты жаңғырту, ресурстарды үнемдеуді ынталандыру (Scope 1 және Scope 2);
  • қолданыстағы жасыл жобаларды іске асыру (Scope 2): Қазақстанның Батыс энергия жүйесін БЭЖ-ге қосу; Электр желісі объектілерінің құрылысы; Қазақстан БЭЖ-нің Оңтүстік аймағының электр желісін күшейту;
  • перспективалық жасыл жобаларды іске асыру (Scope 2): Астана қаласының сыртқы электрмен жабдықтау схемасын күшейту; Қазақстан БЭЖ-нің транзиттік әлеуетін және өткізу қабілетін арттыруға бағытталған электр желісі объектілерін салу; 500 кВ «Қарағанды – Жезқазған – Қызылорда – Шымкент» әуе желісін салу; Батыс энергия торабын күшейту үшін 500 кВ «Қарабатан – Бейнеу – Маңғыстау» әуе желісін салу; Қазақстан БЭЖ-мен Батыс аймақты біріктіру (II кезең).

KEGOC климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді әртүрлі уақыт көкжиектерінде қарастырады және төменкөміртекті даму мақсаттарына қол жеткізу көрсеткіштерін белгіледі:

  • Қысқа мерзімді (2025 жылға дейін): сынамалы жобаларды іске асыру, мысалы, энергия сақтау жүйелері (ЭСС), Энергия үнемдеу жоспарын орындау, мониторинг енгізу.
  • Орта мерзімді (2031 жылға дейін): мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізу:
    Scope 1 қысқарту – жеңіл автокөліктерді кезең-кезеңімен төменкөміртекті отынға (электромобильдер, LPG) ауыстыру арқылы тікелей парниктік газдар шығарындыларын базалық жылмен салыстырғанда 3%-ға төмендету;
    Scope 2 қысқарту – энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ЖЭК жобаларын қолдаудың ұлттық схемасын іске асыру және/немесе жұмыс істеп тұрған және перспективалы ЖЭК объектілерімен екіжақты келісімшарттар жасау арқылы сатып алынатын энергия құрылымындағы «жасыл» электр энергиясының үлесін 20%-ға жеткізу.
  • Ұзақ мерзімді (2060 жылға дейін): көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу, инфрақұрылымды толық бейімдеу:
    Scope 1 қысқарту – базалық жылмен салыстырғанда 58%-ға;
    Scope 2 қысқарту – базалық жылмен салыстырғанда 100%-ға.

Климаттық KPI

Басқарушы құрамның уәждеме жүйесінде орнықты даму және климаттық аспектілерді басқару мәселелеріне ерекше көңіл бөлінеді. 2024 жылға бекітілген ESG көрсеткіштеріне мыналар кіреді:

  1. «ESG қағидаттарын сақтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау» – климатқа теріс әсерді басқару, климаттық тәуекелдерді азайту және экологиялық бастамаларды іске асыру;
  2. «Приоритетті инвестициялық жобаларды іске асыру» – ЖЭК-тің өсіп келе жатқан генерация көлемдерін энергия жүйесіне тиімді интеграциялауды қамтамасыз ету (2050 жылға қарай ЖЭК үлесі 50%-ға жетуі күтіледі);
  3. «Энергия сақтау жүйелерін басқару бойынша алгоритмдерді ОД РАЖЖ орталығында әзірлеу жобасын іске асыру» – энергия жүйесінің сенімділігін қамтамасыз ету, ЖЭК-тің тұрақсыз генерациясын тиімді интеграциялау және реттеу үшін.

Бұл бастамалар «KEGOC» АҚ-ның Қазақстан Республикасының 2060 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуіне қосқан үлесі болып табылады.

Тәуекелдер мен мүмкіндіктерді бағалау

2060 жылға дейінгі климаттық модельдеу аясында «KEGOC» АҚ физикалық тәуекелдердің салдарын (температураның көтерілуі, тасқындар, қатты желдер) сандық тұрғыда бағалады. Бейімдеу шаралары болмаса, әлеуетті қаржылық шығындар 261 млрд теңгеге жетуі мүмкін. Инфрақұрылымды бейімдеуге (нысандарды нығайту, мониторинг, салқындату жүйелерін жаңғырту және интеллектуалды басқару жүйелерін енгізу) арналған болжамды инвестициялар көлемі 2030–2060 жж. аралығында 314 млрд теңгеден асады. Бұл шаралар энергия жүйесінің осалдығын едәуір төмендетуге бағытталған.

Компания сондай-ақ маңызды мүмкіндіктерді көреді: Smart Grid пен ЭСС дамыту, оның ішінде 5 МВт сынамалы жоба, ЖЭК-ті жаппай интеграциялауға және желінің икемділігін арттыруға негіз қалайды. Климаттық бағдарлама есептеулері бойынша, жыл сайын шамамен 4 млрд теңге инвестициялар (2030 жылдан бастап) 2031 жылдан бастап жылына 5–10 млрд теңге көлемінде ықтимал экономикалық тиімділік әкелуі мүмкін.

Модельдеу нәтижелері инфрақұрылымның тұрақтылығын арттыру және төменкөміртекті дамуды қолдау үшін KEGOC инвестициялық жоспарларын қалыптастыруда пайдаланылады.


Шығарындылар¹

2022

2023

2024

Scope 1

8887

10339

13491

Scope 2

2632728

2748431

2357187

Scope 1+2

2641615

2758770

2370678

Парниктік газдар шығарындыларының жиынтық қарқындылығы (Scope 1 және Scope 2), т СО₂-экв/мың теңге:

0,012

0,010

0,0074

¹ «KEGOC» АҚ парниктік газдар шығарындылары 2024 жылғы жылдық есептің тәуелсіз тексерісі аясында үшінші тараппен расталды.

«KEGOC» АҚ 2027 жылдан бастап Scope 3 санатындағы парниктік газдар шығарындыларын ашуды GHG Protocol талаптарына сәйкес деректерді жинау және әдістемені әзірлеу аяқталғаннан кейін бастауды қарастыруда.


Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары нәтижесінде парниктік газдар шығарындыларын азайту¹

2022

2023

2024

ПГ шығарындыларын қысқарту, т СО₂-экв

3133,11

8648,94

9045,42

¹ «KEGOC» АҚ парниктік газдар шығарындыларының қысқаруы 2024 жылғы жылдық есептің тәуелсіз тексерісі аясында үшінші тараппен расталды.

Өз парниктік газдар шығарындыларын қысқартудан бөлек, «KEGOC» АҚ Дубайда COP28 аясында IRENA және БҰҰ Климат бойынша чемпиондарының қолдауымен ресми түрде іске қосылған Utilities for Net Zero Alliance (UNEZA) жаһандық бастамасына қосылды. Альянс әлемнің 25 жетекші энергетикалық компаниясын біріктірді, олар 250 миллионнан астам тұтынушыға қызмет көрсетеді. Мақсат – энергетикалық ауысымды жеделдету және 2050 жылға дейін көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу. UNEZA аясында «KEGOC» АҚ ЖЭК интеграциясына дайын желілерді дамытуға, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға және декарбонизацияға кедергілерді жою үшін халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесетін болады.

 

 

Жедел желі

Кері байланыс