Директорлар кеңесі

Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы

2020 жылғы 26 маусымда (№ 18 хаттама) «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып тағайындалды. 2022 жылғы 20 сәуірде «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (№4 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің Бас тәуелсіз директоры болып тағайындалды.

Үлестес тұлға болып табылмайды. 

«KEGOC» АҚ акцияларын иеленбейді.

1965 жылғы 17 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

Қазақстан Республикасының азаматы, үйленген.

Сертификатталған Тәуелсіз Директор (Cert IoD), Institute of Directors, UK.

23 жылдан астам уақыт бойы мұнай-газ секторында басшы лауазымында, соның ішінде 12 жылдан астам уақыт бойы қазақстандық ұлттық мұнай-газ компанияларында басшы болып жұмыс істеді.

Компания бизнесін трансформациялау және өзі белсенді түрде қатысқан Shell холдингінің Жаңа операциялық жұмыс моделін ендіру кезеңінде шетелде Оман Сұлтанатындағы Shell Company (Омандағы Shell операциялық компаниясы - PDO Petroleum Development of Oman) басшылығында екі жылдық жұмыс тәжірибесін жинақтады. Стратегиялық жоспарлау, өндірісті басқару, қаржы, сатып алу саласында және тәуекелдерді басқаруда сараптама жүргізу білімі бар. Мұнай-газ компанияларын трансформациялау, өзгерістерді басқару және дағдарысқа қарсы басқару бойынша жұмыс тәжірибесі бар. Қазақстанның құзыретті органы тарапынан басты қызметкерлердің бірі ретінде Солтүстік - Каспий жобасы (Қашаған), «Бейнеу-Бозой-Шымкент» және «Сары-Арқа» газ құбырлары сияқты еліміз үшін маңызды мұнай-газ жобаларын тікелей жедел басқаруға қатысты. 

Жұмысының негізгі бағыттары мен жетістіктері: кәсіпорынның жаңа стратегияларын әзірлеу мен ендіру, компаниялардың ескірген бизнес-модельдерін түрлендіру (трансформациялау), оларды өзгеріп отыратын бизнес ортаға бейімдеу, ERP жүйелерін және компанияларды корпоративтік басқару жүйелерін дамыту.

«ҚСҚ» Қазақстанның Салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесі құрамының мүшесі болды, «ҚазЭнерджи» Қауымдастығы Сараптама кеңесінің құрамына және Ресей Федерациясы Тәуелсіз директорлар қауымдастығына (РФ ТДҚ) кіреді. QID қауымдастығының құрметті мүшесі (Qazaq Independent Directors).

6 жылдан астам уақыт «Қазақстандағы АльфаБанк ЕБ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор (аудит жөніндегі комитеттің төрағасы) болды. «Қазақстан Инжинирингі» Ұлттық компаниясы» АҚ (стратегия және инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы, аудит жөніндегі және кадрлар жөніндегі комитеттердің мүшесі), «Арикет» жоғары технологиялар қоры» АҚ мен «Инжиниринг және Технологиялар Трансферті Орталығы» АҚ, «Қазақстан темір жолы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор болды. Қазіргі уақытта  «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ ұлттық компаниялары - «КEGOC» АҚ мен «QazaqGaz» ҰК» АҚ-да Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор болып табылады. 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс