2022 жылғы 10 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды («KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімімен (№26 хаттама)
1961 жылы 11 сәуірде туған, Қазақстан Республикасының азаматы,
Отбасы жағдайы: үйленген
Білімі:
1982-1988жж. - Челябинск политехникалық институты, энергетика факультеті, инженер-электрик, Челябинск қ.
2017-2018 жж. Сертификатталған директор, The Institute of Directors (IoD)
2000 – 2002жж. - Бүкілресей қаржы-экономикалық институты, қаржы және кредит мамандығы бойынша экономист, Москва қаласы
2019-2020жж. - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы (РХШжМҚА), МВА бағдарламасы «Топ-менеджер», «Менеджмент» мамандығы
Соңғы 10 жылдағы жұмыс тәжірибесі:
08.2012 - қазіргі уақытқа дейін
- Директордың міндетін атқарушы, Бас директордың активтерді басқару жөніндегі орынбасары, Тау-кен металлургия және электр энергетикалық активтерді басқару дирекциясының бас сарапшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ Электр энергетикалық активтерді басқару дирекциясының бас сарапшысы
10.2011- 08-2012жж. - «КазРесурсКонсалтинг ЖКХ» ЖШС директоры, Астана қ.
07.2010-10.2011жж. - «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарушы директоры, Басқарма төрағасының орынбасары, Астана қаласы
Қоса атқаратын жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелігі:
01. 2022 бастап қазіргі уақытқа дейін «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
2019-2021жж. - «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
2018-2019жж. - «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі
2018-2021жж. - «ЖЭК жөніндегі ҚЕО» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшесі
2015-2018жж. - «ЭҚРҚО» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
2014-2019жж. - «Forum Muider B.V.» компаниясының Директорлар кеңесінің мүшесі («Богатырь-Көмір» ЖШС)
2014-2016жж. - «Екібастұз ГРЭС-2 станциясы» ААҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
2014-2016жж. - «Тау-Кен Самұрық» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі
- «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Бизнесті жаңғырту және трансформациялау жөніндегі кеңестердің мүшесі
- «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ, ИСО 50001:2011 «Энергоменеджмент және энергоаудит» стандарты, энергия үнемдеу, энергия тиімділігі саласындағы «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС-ның қазіргі сарапшысы.
Электр энергетикасы саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеуге қатысу және іске асыруды бақылау:
Балқаш ЖЭС-ін салу (келіссөздерге қатысу, жобаның мониторингілеуді ұйымдастыру), жоба құны $4,7 млрд.
Екібастұз ГРЭС-1 реконструкциялау жобалары (1,2,8, бл. жалпы қуаты 1 500 МВт).
Екібастұз ГРЭС-2-де №3 блогын салу (630 МВт), жоба құны $800 млн.
«Богатырь» кеніші циклдық-ағындық технологияны енгізу жөніндегі жобаны іске асыруды ұйымдастыру, жоба құны $215 млн.
45 МВт «Ерейментау» ЖЭС, 2 МВт «Қапшағай» КЭС салу, «АЖК» АҚ электр желілерін жаңғырту, «АлЭС» АҚ ЖЭО-2 жаңғырту және реконструкциялау жобаларын тиімді іске асыру мақсатында түзету шаралары бойынша мониторингілеу және ұсыныстар енгізу.
«Мойнақ ГЭС» ЖШС үлесінің 50%-ын (2013 жыл), «Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС үлесінің 50% - ын (2015 жыл), «Екібастұз ГРЭС-2» АҚ акцияларының 50% - ын (ИнтерРАО жанында (2019 жыл) сатып алу бойынша мәмілелерге қатысу.
«Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ құруды тікелей қамтамасыз етті. Наградалары:
«Астанаға 20 жыл» медалі.
«Ерен енбегі үшін» (За трудовое отличие) медалі.
«Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы.
Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының Құрмет грамотасы.
«Еңбегі сіңген энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық Қауымдастығы» атағы.
«ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі» атағы.