Директорлар кеңесі

Әкімбаева Айгүл Ермекбайқызы

Туған күні: 23.01.1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматшасы

Білімі:

1999 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Қаржы және несие, Банк ісі» мамандығы бойынша, 2009 жылы – «Московская международная высшая школа бизнеса «Мирбис» мемлекеттік емес білім беру мекемесінің Халықаралық бизнес университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша «Іскери әкімшілендіру мастері» академиялық дәрежесі, біліктілігі беріле отырып, тәмамдады.

2009 жылы Кәсіби бухгалтер сертификаты (ҚР Кәсіби бухгалтерлер мен аудиторлар институты)

 «Планирование и бюджетирование-2» курсын сәтті өткені туралы сертификат

Academy of Business Ernst & Young 

2015 жылы Бизнес тиімділігін басқару саласындағы сертификат (CIMA дипломы)

2015 жылы бастап осы уақытқа дейін АССА студенті (F1 – F7) 

2017 жылы Online Language studio тілдік курстардан өткені туралы сертификат

2018 жылы «Қазынашылық» және «Корпоративтік қаржы» бизнес-процестерінің нысаналы моделін енгізу» сертификаты

2019 жылы ҚР Кәсіби бухгалтерлерінің біліктілігін арттыру бойынша сертификат, 80 сағат (Қазақстанның бухгалтерлер және бухгалтерлік ұйымдар одағы)

«Самұрық-Қазына» корпоративтік университетінің Стратегиялық менеджмент курсынан сәтті өткені туралы сертификат

«Айтилект» ЖШС-ның «Цифрлық басшы» курсын сәтті өткені туралы сертификат

2020 жылы «Корпоративтік басқарудағы ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесінің рөлі» KPMG сертификаты

«KEGOC» АҚ акцияларына иелік етпейді.

«KEGOC» АҚ-дағы функциялары: «KEGOC» АҚ-ның қаржы-экономикалық қызметі; ұзақ мерзімді өзгерістерді және бизнесті дамытудың жаңа мүмкіндіктерін, қысқа, орта және ұзақ мерзімді бизнес-жоспарларды, теңгерімдер мен ақша ағындарының болжамдарын болжау; инвесторлармен өзара қарым-қатынас; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен, Қазақстан қор биржасымен, банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, рейтингтік агенттіктермен, аудиторлық компаниялармен және т.б. ынтымақтастық, «KEGOC» АҚ акцияларының KASE ресми тізімінде болу процесіне басшылық ету және үйлестіру; «KEGOC» АҚ шоғырландырылған аудиттелген жылдық қаржылық есептемесі.

Еңбек қызметі:

2000 - 2005 жылдары -  «Қазпочта» АҚ Экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің жетекші маманы, бас маманы, Маркетинг басқармасының менеджері, Басқарма бастығының орынбасары – Баға белгілеу бөлімінің бастығы, Маркетинг басқармасының бастығы, Маркетинг және сату департаменті директорының орынбасары;

2005 - 2006 жылдары - «Меркурий» ЖШС Инвестициялық жобаларды талдау басқармасы бастығының орынбасары

2006 - 2008 жылдары - «Entertainment Development» ЖШС, «Bridge Town» ЖШС, «Trading@Prodacts» ЖШС, «Capital investment fund» ЖШС, «Меркурий-Инвест» ЖШС қаржы директоры.

2008 - 2021 жылдары - «Самұрық-Энерго» АҚ Экономикалық талдау және жоспарлау департаментінің, Стратегиялық даму департаментінің, «Экономика және жоспарлау» департаментінің, «Стратегиялық жоспарлау және экономикалық талдау» департаментінің директоры.

2021 - 2022 жылдары - «Самұрық-Энерго» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі серіктес басқарушы директоры

2022 жылы сәуірден бастап «KEGOC» АҚ Қаржы және есепке алу жөніндегі басқарушы директоры.

Наградалары мен дәрежелері: 

  • «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы (2009)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл»   (2011)
  • «Самұрық-Қазына» АҚ Құрмет грамотасы (2012)
  • ҚР Құрметті энергетигі (2016)
  • «Самұрық-Энерго» АҚ Құрмет грамотасы (2017)
  • ТМД ЭЭК Құрмет грамотасы (2017)
  • Энергетика министрлігінің Құрмет грамотасы (2018)
  • «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі (2021)

 


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс