Директорлар кеңесі

Айтжанов Нәби Еркінұлы

2023 жылғы 31 шілдеде «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен (№32 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Үлестес тұлға болып табылмайды.

«KEGOC» АҚ акцияларына иелік етпейді.

1980 жылы 11 қыркүйекте Целиноград облысы Қорғалжын кентінде дүниеге келген.

Қазақстан Республикасының азаматы, үйленген, бес баласы бар.

Білімі:

1997–2002 жж. -  С. Сейфулин атындағы Ақмола аграрлық университеті, «Экономика және менеджмент» мамандығы;

2011–2012 жж. - Халықаралық бизнес академиясы, Іскерлік әкімшілік ету магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

2023 жылғы тамыздан бастап – «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

2010 - 2023 -  «Қазақстан коммуналдық жүйелері» ЖШС Бас директоры, Энергетикалық холдинг, Астана қ.;

2012–2014 жж. - «Караганда Энергоцентр» ЖШС Бас директоры, энергия өндіруші компания, Қарағанды қ.;

2008–2010 жж. - «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бас директоры, аймақтық электр желілік компания, Шымкент қ.;

2006–2008 жж. -  «Энерго Сбыт» ЖШС Директоры, энергия өткізу компаниясы,                                Қарағанды қ.;

2005–2006 жж. -  «Энергопоток» ЖШС Директорының орынбасары, директор, энергия өткізу компаниясы, Шымкент қ.;

2004-2005 жж. - «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ Корпоративтік даму бөлімінің жетекші маманы - бастығы, Алматы қ.;

2003-2004 жж. - «Туркестан Энерго» ЖШС Коммерциялық диспетчерлендіру бөлімі бастығының орынбасары, Шымкент қ.;

2002-2003 жж.- «Кокшетау Энерго Сбыт» ЖШС Жетекші инженері – электр энергиясын сату жөніндегі директоры, Көкшетау қ.;

2001-2002 жж. -  «Көкшетау Энерго» ЖШС Болжау-талдау орталығының маманы – жетекші инженері, Көкшетау қ.

Басқа лауазымдары:

– «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасының Энергетика комитетінің мүшесі;

– Қазақстандық электр энергетикалық қауымдастығының Директорлар кеңесінің мүшесі;

– «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ Кеңесінің мүшесі;

– «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы;

– «Караганда Энергоцентр» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

– «Қарағанды Жарық» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

– «Oңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы;

– «Энергопоток» ЖШС Бақылау кеңесінің төрағасы.

Марапаттары:

2011ж. - «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі;

2011ж. - «ТМД еңбек сіңірген энергетигі» атағы;

2016ж. – «Энергетик. Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығы» атағы;

2016ж. - «ҚР Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалі;

2018ж. - Қазақстан Республикасының Ордені;

2021ж. - «Халық алғысы» медалі.

 






Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс