«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы
1978 жылы туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Алғаш рет «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамына «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының 2025 жылғы 28 сәуірдегі шешімімен (№37 хаттама) «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және төрағасы болып сайланды.
«KEGOC» АҚ-ның және оның ЕҰ-ның акцияларына иелік етпейді.
Білімі:
- 1996-2004жж. - Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрлігі Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының (МГИМО) Халықаралық экономикалық қатынастар факультетін бітірген. Экономика бакалавры, экономика магистрі. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Жұмыс тәжірибесі:
- 04/2024 жылдан бастап осы уақытқа дейін - «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы;
- 09/2020-04/2023жж. - «Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company» Басқарма төрағасы;
- 07/2019-09/2020жж. - Rothschild & Co (ИНВЕСТ БАНК РОТШИЛЬД И КО) Қазақстандағы өкілі;
- 12/2017-03/2019жж. - «Астана» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасы;
- 03/2016-12/2017жж. - Даму және инвестициялар жөніндегі басқарушы директор - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ» Басқарма мүшесі
- 12/2012-03/2016жж. - Инвестициялық банкинг департаментінің атқарушы директоры. Астана қаласындағы UBS Банк (Ю БИ ЭС БАНК) өкілдігінің басшысы.
Қоса атқарған жұмысы және Директорлар кеңесіне мүшелік:
- 05/2025 бастап осы уақытқа дейін - «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы
- 02/2024 бастап осы уақытқа дейін - «Эйр Астана» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.
- 03/2025 бастап осы уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Су спорты түрлері федерациясының президенті.