Отырыстар

2021 жылғы 12 қарашада «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің күндізгі отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына байланыстың техникалық құралдарын пайдалана отырып, қатысқандар (бейнеконференция сеансы режимінде):

1. Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ Энергетикалық және тау-кен активтері дирекциясының директоры.

2. Тиесов Сүйіншілік Әмірхамзаұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

3. Егімбаева Жанна Дачерқызы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

4. Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5. Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

6. Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

 

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 12 қарашадағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес акционерлер мен инвесторлардың назарына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды, мына мәселе бойынша ақпаратты жолдаймыз.

 

1. 2021 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешім қабылдады:

1. 2021 жылғы 3-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есеп назарға алынсын.

«ЖАҚ» - алты;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс