Отырыстар

2022 жылғы 25 наурызда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің сырттай отырысы өткізілді

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар (техникалық байланыс құралдарын қолдана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде):

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

2022 жылғы 25 наурызда Директорлар кеңесінің отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі шешімімен (№ 6 хаттама) бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес ақпарат акционерлер мен инвесторлардың назарларына жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.

 

1.   2021 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есепті қарау туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   2021 жылғы 4-тоқсандағы ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі есеп назарға алынсын.

2.   Басқарма төрағасына (Молдабаев Қ.Т.):

         1) жобалардың қымбаттау сомасын арттыру қажеттілігі толық негізделген анықтаманы Директорлар кеңесіне жұмыс тәртібінде мүмкіндігінше қысқа мерзімде ұсыну;

         2) «KEGOC» АҚ мердігерлік ұйымдарымен келісімшарттар құнын арттыру тәуекелдерін алдағы уақытта бөлу мүмкіндігін қарастыру;

         3) «KEGOC» АҚ компаниясының мердігерлік ұйыммен жұмыс құнын мүмкіндігінше арттыру тәуекелдерін бөлу механизмін қолдану шараларын қабылдау тапсырылсын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс