Отырыстар

2022 жылғы 15 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

 2.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 15 маусымдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.

 

1.   «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын сырттай дауыс беру арқылы өткізу туралы.

Директорлар кеңесі мынадай шешімдер қабылдады:

1. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы 2022 жылғы 18 шілдеде өткізілсін.

2. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімін жасау күнін 2022 жылғы 23 маусымға белгіленсін.

3. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну басталатын күн 2022 жылғы 11 шілдеге белгіленсін.

4. Сырттай дауыс беруге арналған бюллетеньдерді ұсыну аяқталатын күн 2022 жылғы 15 шілдеге белгіленсін.

5. Сырттай дауыс беру нәтижелерін есептеу күні 2022 жылғы 18 шілдеге белгіленсін.

6. «KEGOC» АҚ Акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібіне «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы» мәселе енгізілсін.

7. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - бір;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс