Отырыстар

2022 жылғы 24 маусымда «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті

«KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің отырысына техникалық байланыс құралдарын пайдалана отырып (бейнеконференция сеансы режимінде) қатысқандар:

1.   Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

2.   Бекенов Жанбота Темірғалиұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

3.   Аханзарипов Нұрлан Заманбекұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

4.   Ульф Вокурка – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

5.   Репин Алексей Юрьевич – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

6.   Жәмиев Алмат Күнжолұлы - «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі.

7.   Молдабаев Қаныш Тәңірбергенұлы – «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы.

 

Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 24 маусымдағы отырысында Директорлар кеңесінің 2017 жылғы 13 шілдедегі (№ 6 хаттама) шешімімен бекітілген «KEGOC» АҚ Директорлар кеңесі қабылдаған шешімдер бойынша мәселелер тізбесіне сәйкес, олар туралы ақпарат акционерлер мен инвесторларға жеткізілуі тиіс 1 (бір) мәселе қаралды.

 

1.   «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру» жобасының ТЭН-ін әзірлеу үшін «Таңдау» сатысына өту туралы шешім қабылдау туралы.

Директорлар кеңесі шешім қабылдады:

1.   «Самұрық-Қазына» АҚ Инвестициялық-стратегиялық комитетінің оң қорытындысы болған жағдайда «Таңдау» сатысына көшу бекітілсін және жобаның алдын ала параметрлерімен «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасының ТЭН-ін әзірлеуге кіріссін.

2. «KEGOC» АҚ Басқармасына «Батыс Қазақстанның энергия жүйесін Қазақстан БЭЖ-імен біріктіру. Электр желілік объектілерді салу» жобасының ТЭН-ін әзірлеуді жеделдету бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылсын.

3. «KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы (Қ.Т. Молдабаев) осы шешімнен туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

«ЖАҚ» - жеті;

«ҚАРСЫ» - жоқ;

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ» - жоқ.


Тізімге қайту

Жедел желі

Кері байланыс